Азаптауды болдырмау және олардың алдын алу – бәріміздің ортақ міндетіміз
Өздеріңізге белгілі, жыл басынан бері әлеуметтік желілерге және барлық бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланып жатқан, азаптау деректері бойынша тергеп-тексеру жүргізу құзыреті прокуратура органдарына жүктелді.
Өкінішке орай, адам құқықтарының өрескел бұзылуы, оның ішінде азаптау және тергеудің басқа да заңсыз әдістері әлі де болса елімізде орын алуда. Оларды түп-тамырымен жою және болашақта болдырмау бәріміздің алдымызда тұрған негізгі міндеттердің бірі.
Осы талаптарды жүзеге асыру мақсатында елімізде соңғы жылдары көптеген пәрменді шаралар қабылданды. Атап айтқанда, Қазақстан адам құқықтарын сақтауға қатысты бірқатар халықаралық конвенцияларға қосылды, оның ішінде БҰҰ-ның азаптауға қарсы конвенциясына Факультативтік хаттаманы және Стамбұл хаттамасын ратификациялады.
Аудан прокуратурасы азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған іс-шаралар шеңберінде, қылмыстық істерді тіркеу мен қылмыстық процеске қатысушылардың қатысуымен тергеу әрекеттерін заңнама талаптарына сай жүргізу мәселелерін қатаң бақылауға алған және осы бағытта жүйелі жұмыстарды іске асыру нақты жолға қойылған.
Қазіргі уақытта аудан көлемінде қылмыстық істер бойынша азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында тиісті шаралар қолданып, қылмыстық істер бойынша орын алған қылмыстық оқиғаларды мұқият зерттеу, іс материалдарын тереңірек зерделеу және басшылық тарапынан ведомстволық бақылауды күшейтуге бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Адам құқықтары саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттардың бірі-азаптауға қарсы ұлттық алдын алу механизмі.
Сондықтан оны құру Қазақстан үшін адам құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтуге бағытталған маңызды қадамдардың біріне айналды.
Біз жаңа қоғамдық институт елдегі заңдылықты нығайтудың пәрменді құралы болатынына сенімдіміз. Бұл жүйелі іс-шараларға прокуратура органдары белгілі бір үлес қосуда.
Құқық қорғау органдарының ғимараттарында кезекші прокурорлар институты жұмыс істеуде, келген және жеткізілген тұлғаларды электрондық тіркеу, қылмыстық істерді электронды нысанда тергеу енгізілді, жаңғырту процесі жалғасуда.
Азаптау фактілерінің орын алуына себеп ретінде құқық қорғау органдарының сапасыз жұмысымен және олардың басшылары тарапынан ведомстволық бақылаудың әлсіздігімен түсіндіруге болады.
Аудан прокуратурасы азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтауға, оның ішінде қинаудан, басқа да қатыгез немесе адамның ар-намысын қорлайтын іс-әрекеттерден қорғауды қамтитын адамның қадір-қасиетіне қол сұқпауға ерекше мән беруде және қатаң бақылауда.
Жоғарыда көрсетілгендей, егер Сіз азаптауға ұшырасаңыз немесе куәгері болсаңыз дереу кезекші прокурорға 8(71035) 2-16-22, 8-705-904-51-12, 8-705-263-06-79, соның ішінде 115 байланыс нөмірі арқылы Call орталығына хабарласуға болатынын жеткіземіз.
Ұлытау ауданының прокуратурасы.