Тіл тағдыры – ел тағдыры
Қазақстан – өз ұлты, халқы, діні, тілі, мəдениеті, тарихы, салт-дəстүрі бар іргелі ел. Қазаққа тəн ата-бабаларымыздан қалған ар-намыс, жігер-қайрат, қайтпас қанат, мұра ретінде келешек ұрпаққа дейін жеткен. Қазақ халқы -ертеден өз дəстүрін, өз мəдениетін, өз тілін, өз ұрпағын қадірлеп, қастерлеп келеді. Көненің көзі болған, елдің ұйытқысы болып, қаймақтай ұйыған, туған тілді қадір тұтқан, ағаларымыздың қазақ əдебиетінде орны бөлек, əрі зор. Ал ұлт қазынасы болған, халық санасыздығын жойған, білімдіні шыңға шығарып, «Қазақ» деген сөзді қанға құйған ол əрине – тіл. Ұлт тілі, қазақ тілі, халық тілі!
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ халқының ана тілі шексіз бай, өте көркем. Өз тіліміздің көркемдігін көркейту ұлт байрағын көтерумен бірдей. Демек, əр адамзат баласы баға жетпес байлығын көзінің нұрындай сақтауы тиіс.
Ананың сүтімен бойға дарыған туған тілді құрметтеу ең қымбат, ең асыл қасиет. Кез-келген ұлттың жанды жері – тілі. Тіл мемлекеттік мəртебесіндегі тұғырында мызғымағанда ғана ұлттың айбыны асқақтай бермек. Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың тəжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Aна тілі — ата-бабaмыздан мирaс бoлып кeле жaтқан бaға жeтпес мұpа. Дeмек əp aдам aна тілiн көзінің қарашығындай қoрғауға, oның тaзалығын aқтауға тиіс. Aна тілі – ар өлшeмі.
Гүлім БАЙМАҒАНБЕТОВА,
Ұлытау ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің əдіскері.