Дауыс беру жалғасып жатыр
Қарсақбай кентіндегі Мәдениет үйінде орналасқан №710 сайлау учаскесінде де дауыс беру ойдағыдай жүріп жатыр.
– Халықтың дауысқа қатысуы жаман емес. Сайлау учаскесі өз жұмысын сағат 7.00-де бастады. Содан бері халық үзіліссіз келіп жатыр.
Дауыс беруге келушілердің дені жастар. Бұл бізді қуантады. Жастардың саяси серпіліске деген сенімдерінің оянған белгісі бұл, – дейді аталмыш сайлау учаскесінің төрағасы Айткүл Ибраева.
Төрағаның айтуынша, науқанға отбасымен келіп дауыс беріп жатқан тұрғындар да аз емес көрінеді. Мәселен, Наурызбай Әбдірахманов отбасымен келіп дауыс берсе, жетпістерді еңсеріп қалған ауыл ағасы Жарқын Қожамсейтов әкеміз үлкен кісілердің көшін бастады. Ал, жастар арасында Әлібек Байтонов белсенділік танытуда.
– Үйден келіп дауыс алуға өтініш берген сайлаушылар жоқ. Учаскеде дауыс берушілердің барлығына қажетті жағдай жасалынған, – дейді Айткүл Төлегенқызы.