Ұлытаудың ұлағатты бір ұлы еді

Ұлтымыздың қасиетті қарашаңырағы Ұлытаудан небір ұлы тұлғалар шықты. Олардың есімдері елмен бірге жасап келеді. Сонау бір кезде ғалым, академик дегендерді естімеген Ұлытаудан Айтмұхан Абдуллин, Өмірбек Байқоңыров, Əбдеш Ерғалиев, Қоңыратбек Құрманбаев, Мұхаммеджан Қаратаев, Ғабдолла Мейрамов, Төрегелді Шарманов сияқты ғалымдар, Камал Смайылов, Мұқан Иманжанов, Баубек Бұлқышев сияқты тағы да басқа ақын-жазушылар шықты.


Осындай есімі ел есінен шықпайтын дарынды азаматтардың бірі Əбулақап Райымбеков еді. Əбулақап өзінің ақындық талантымен халыққа танылған тұғыры биік тұлға еді.
Мен Əбулақап Райымбековпен 1980 жылдың бас кезінде таныстым. Ол кезде мен аудандық газеттің редакторы едім. Газет қызметкерлерін жинап, газеттің алдағы шығатын санына жоспар жасап отыр едік. Кабинетке орта бойлы, толықша келген бір кісі кіріп келді. Біз орнымыздан тұрып келген кісімен сəлемдесіп «отырыңыз» — деп орындық ұсындық. Ол кісі отырғаннан кейін қызметкерлердің бəрі кабинеттен шығып кетті. Мен қонақтың қарсы алдына келіп отырған кезде, ол кісі əңгімесін бастай жөнелді.
– Мені танымайтын шығарсың. Мен осы Ұлытауда туыпөскен ақын Əбулақап Райымбеков деген ағаң боламын. Өздеріңіз жақсы білетін Ахат Райымбеков менің бірге туған бауырым. Туған жерімді сағынғанда арнайы келіп, Ұлытауыма тағзым етіп, ата-бабаларымыздың əруағына дұға бағыштап, қарияларға сəлем беріп, құрбы-құрдастарыммен қауышып, сағынышымды басып тұрамын. Сол əдетіммен биыл да келіп отырмын. Өзім Алматыда тұрамын – деді.
– Қош келдіңіз, сізбен танысқаныма қуаныштымын — дедім.
– Өнер адамы өзінің жүрген жерінде із қалдыру керек қой, мен туған жерімнің топырағын тұмар етіп, тағып жүремін, ауасын жұтып, бұлағының суын ішкенде он жасқа жасарып, шабытым шалқып шыға келеді. Осы қасиетті жеріме, тəрбиелеп өсірген еліме, белгілі, беделді азаматтарына арнаған жыр шумақтарым бар еді. Соны мүмкіндік болса аудандық газетке жардерін алып, бəрін болмаса да біраз өлеңдеріңізді жариялаймыз, — дедім.
– Рақмет, еңбектеріңіз жемісті болсын. Мен бүгін Аманкелді ауылында тұратын «Басы емен, аяғы семен» деген досым бар еді соған барып сəлем беріп қайтамын,- деді.
Бұл кісінің айтып отырғаны Ермағанбет Бекмағанбетов деген кісі екенін түсіндім. Ол кісі кешегі сұрапыл соғысқа қатысып, бір аяғынан айырылып, жасанды аяқ салдырып, ауылға келіп, халық шаруашылығын қалпына келтіруге белсене араласқан соғыс ардагері, қадірменді қарт еді. Əбулақаптың айтып отырғаны осы кісі екенін біліп, жолыңыз болсын деп сыртқа дейін шығарып салдым. Газеттің келесі санына Əбекеңнің үш-төрт өлеңін жарияладық.
Бұл менің ол кісіні бірінші рет, əрі соңғы рет көруім болды.

Мағзұмбек МАШАЙЫҚҰЛЫ,
Қазақстанның Құрметті журналисі.