Ұлытау ауданының əкімі лауазымына үміткер Асылхан Мырзамсейітұлы Әлімсейіттің Сайлауалды бағдарламасы
Асылхан Мырзамсейітұлы Әлімсейіт 1992 жылы 10 тамызда Қарағанды облысы Жезқазған қаласында қарапайым еңбеккерлер отбасында дүниеге келген.
— 1999-2010 жылдары Жезқазған қаласындағы №10,21 қазақ орта мектептерінде оқыды.
— 2010-2014 жылдары Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінде, Құқықтану мамандығы бойынша оқыды.
— 2014 жылы Жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасы аясында Жезқазған аймақтық сот орындаушылар бөлімінде сот орындаушының көмекшісі болып еңбек жолын бастады;
— 2015-2019 жылдары Жезқазған қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі жəне автомобильдік жолдар бөлімі» ММ заңгер кеңесші маманы;
— 2019 жылы Жезқазған қаласының құрылыс бөлімі ММ бас маман;
— 2020 жылы Жезқазған қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі жəне автомобильдік жолдар бөлімі» ММ бас маманы;
— 2021 жылы «Ұлытау ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы;
— 2021-2022 ж.ж. «Ұлытау ауданының құрылыс бөлімі» ММ басшысы;
— 2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қарсақбай кентінің əкімі лауазымында қызмет атқарып келеді.
Үйленген, 1 баласы бар.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
«Біз болашақты таңдаймыз: өзіміздің, балаларымыздың және еліміздің»
СӨЗДЕН ГӨРІ ƏРЕКЕТ МАҢЫЗДЫРАҚ
Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес, аудан əкімінің құзыретіне жататын жұмыстарды үлкен жауапкершілікпен атқарамын, өз білімім мен тəжірибемді азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, əлеуметтік-экономикалық дамуына жəне жергілікті аймақтағы саяси тұрақтылығын дамытуға өз үлесімді қосамын. Өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік қасиеттерді дамыту үшін салауатты өмір салтын сақтауға шақырып, жастарды қолдау бағытында жұмыс істейтін боламын. Ауданымызды абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру жəне санитарлық тазалау бойынша жұмыстардың орындалуына назарларыңызды аударғым келеді. Аудан ақсақалдары мен белсенді азаматтары жəне аудан белсенділерінен құрылған Қоғамдық кеңес арқылы ауданымыздың тəртібін қадағалап, салауатты өмір салтын жақсартуға бағдарламалар ұсынамын, күрделі мəселелерді бірлесіп, ақылмен шешуді ұйымдастырамын. Сіздерге сайлауалды бағдарламаға жүгіне отырып, оның негізі өмірлік жəне тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдік жолдар, өндірістік-азаматтық ғимараттар құрылысындағы кəсіби тəжірибем екенін айқындап беремін.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Қазақстанды құру стратегиясы аясында саяси реформалардың кезекті топтамасын іске асыру бойынша бірқатар міндет жүктеді. Атап айтқанда, əкімдер азаматтармен жұмыс істеу тəртібін қайта қарауы керек, сондай-ақ аудан жəне ауыл тұрғындарымен жиі кездесіп, оларды мазалаған мəселелерді шешуі, қоғам сенімін арттыруы қажет. Үкімет пен əкімдіктерге жұмыссыздық деңгейін төмендету, кəсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу жөнінде жүйелі шаралар қабылдауға тапсырма берген болатын. Ұлытау облысын ауыл мен аудан деп бөлуге болмайды, бізде бір, ортақ мақсат бар — барлық тұрғындар үшін қолайлы орта жасау. Осы орайда қоғамда оң өзгерістердің басталатына сенемін жəне өз басым осы бағытта жұмыс атқарамын! МЕНІҢ МАҚСАТЫМ – сайлаушылардың көтерген мəселелерін шешумен нақты айналысу, олардың əлеуметтік – тұрмыстық əл-ауқатын жақсартуға атсалысу.
Бұл мақсатқа жету үшін негізгі қолданатын бағыттар:
• Халықтың əл-ауқатын арттыру жолында жұмысты жандандыру жəне əлеуметтік мəселелерді үнемі назарда ұстау;
• Ескірген ауызсу жəне электр желілерін қайта жаңғырту (заманауи технологияны қолдана отыра) немесе күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.
• Аз қамтылған, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі жанұяларға қамқорлық жасау;
• Ауданның санитарлық тазалығын, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын үнемі қадағалау;
• Халық арасында мемлекеттік бағдарламалар бойынша нақты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, олардың осы бағдарламалар бойынша ұсыныстарын алуына жұмыс жасау;
• Ауыл шаруашылығы алқаптарын (шабындық, жайылым, егістік жəне т.б.) ұтымды пайдалануды, иесіз жерлерді игеруді жəне айналымға тартуды ұйымдастыру;
• Қазіргі уақытта бар, бірақ одан əрі дамытуды талап ететін ауылдық округтегі экономикалық жəне əлеуметтік тұрақтылық (ауылда жаңа қызмет түрлерін ашу);
• Жас мамандарды аудан орталығына еңбек етуге қызығушылықтарын арттыру;
• Біз жастарға жол ашамыз! Жастар – елдің болашағы! Біз халқымыздың бай рухани адами құндылықтарын жас ұрпаққа жеткізуіміз керек! Бұл əрбір дамушы қоғамның мақсаты! Жастардың білім алу, тұрғын үй, жұмыспен қамту сияқты өзекті мəселелерін шешуге қабілетті жастар саясатын жүзеге асыру;
• Аудан жастарының өзекті мəселелерін оңтайлы шешу, аудан жастарын тұрақтандыру, Қазақстан Республикасының белсенді патриоттарын тəрбиелеу мақсатында еліміздің болашағы жастармен жүйелі жұмыс жүргізіп, жастардың теріс діни ағымдардың ықпалынан аулақ болуына баса назар аудару;
• Аудандағы шағын жəне орта бизнестің дамуына, мемлекеттік бағдарламалардың толық пайдаланылуына, қосымша жұмыс орындарының ашылуына, бизнеске салынатын салықтың азаюына өз үлесімді қосу;
• Аудан округ тұрғындарының салауатты өмір салты мен мəдени бос уақытын өткізуге жан-жақты қолдау көрсету;
• Халық арасында бұқаралық спортты насихаттай отырып, «Салауатты Қазақстан» азаматтарының қатарын көбейтуге күш салу. Аудандағы денсаулық сақтау, білім, мəдениет салаларының жұмысына үнемі қолдау көрсетіп, олармен түрлі ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу;
• Адами жəне əлеуметтік капитал. Денсаулықты жақсарту, өмір сүру ұзақтығын арттыру, əлеуметтік қолдау көрсету, аудан тұрғындарының білім деңгейі мен мəдени деңгейін көтеру үшін бірыңғай цифрлық кеңістік құру. Цифрлық технологияларды енгізу арқылы білім беру, медициналық, əлеуметтік жəне мəдени салаларда көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру;
• Сүт фермаларын, бөдене, қаз жəне үйрек фермаларын ашу, дамыту арқылы жəне үй қояндарын өсіруге де кірісе алатын жағдай жасау. Сүт жəне ет өнімдерін сату дүкендерінде сөрелері мен қала базарларының ассортиментін əртараптандыруға мүмкіндік беру;
• Жақын маңайдағы қалаларға жəне аудан округтарына тұрақты жолаушылар тасымалымен қамтамасыз ету;
• Қалыптасқан құрылыс пен азаматтардың мүдделерін ескере отырып, жаңа объектілер салу үшін алаңдарды таңдауды бақылау, аяқталмаған құрылыс нысандарын жалғастыру;
• Шалғай орналасқан ауылдар мен елді-мекендерге апарар жолдар мен аула өткелдерін жөндеуге, аула аумақтарын абаттандыруға тұрақты түрде қаражат бөлу жұмыстарын қадағалау;
• Аудандық жəне жергілікті маңызы бар жолдардың жақсы жəне сапалы жағдайдағы үлесін арттыру;
• Егде жастағы адамдарға медициналық жəне əлеуметтік қызмет көрсетуді дамыту, жетілдіру.