73 жастағы жиһанкез жер шарын айналып шығуға бел буды

«Хабар» арнасының мәліметінше, 17 000 шақырымды құрайтын сапар екі жылға жоспарланып отыр.

«2 тамыз Атыраудан жаяу шығамын. Атырау-Астрахань-Дағыстан-Шешенстан-Грузия-Түркия. Түркияның Анкара қаласында және Ыстанбұл қаласында боламын. Бұл — жер шарын аралаудың бірінші кезеңі. Екінші кезеңін Алла қуат берсе, келесі жылы бастаймын», – дейді саяхатшы.

Ол бұған дейін елді жаяу аралап шыққаны есіңізде шығар. Видео сол кезде түсірілген.