Жұпсыз көбелектің «жорығы»

Жұпсыз жібек көбелегі
Азиатский подвид непарного шелкопряда
Lymantria dispar asiatika
Жұпсыз жібек көбелегі 300- ге жуық өсімдік түрлерін зақымдайды. Оның ішінде барлық жаырақты ағаштарды, қылқан жапырақтылардың кейбір түрлерін, бұталардың көптеген түрлерін зақымдайды.

Республика аймағындағы ормандарда саксаульниктерден басқа барлық жерлерде таралған. Қазақстанның солтүстік аймақтардағы қайың ағаштарына және Қазақстанның оңтүстігі, батыс-шығыс аймақтардағы орман ағаштары және жеміс ағаштарына орасан зор зиян келтіруде. Ағаштар көбінесе гүлдеу немесе бұтақтану кезеңінде көп зақымдалады. Кіші жастағы жұлдызқұрттар бүршіктермен азықтанып жапырақтарын ойып-ойып жейді. Ал соңғы екі жасқа келгенде жапырақты түгелдей дерлік жеп қояды.
Биологиясы: Қабыршақ қанаттылар (Lepidoptera) отрядының бұйра көбелектер (Orgyidae) тұқымдасына жатады. Қазақстанда тегіс таралған. Бұл түрдің ұрғашылары мен еркектері бір-бірінен сыртқы пішініне қарап оңай ажыратуға болады, яғни жыныс деморфизмі айқын көрінеді. Ұрғашысы еркегіне қарағанда ірі, алдыңғы және артқы қанаттарының түсі ақшыл-сары, құрсағының ұшын сарғылт қоңыр тұсті қалың түк басқан, мұртшалары қара, ара тісі тәрізді болады.

Еркегі ұрғашысынан бір жарым есе кіші, алдыңғы қанаттары қара сұр, мұртшалары қауырсын тәрізді, құрсағы жіңішке,оның ұшында шашақ тәрізді болып топтанған ұзын түктер болады. Ұрғашысының қанаттарының өрісі 75мм, еркектерінікі 45мм жетеді. Жаздың орта кезінде ұрғашы көбелектер жұмыртқалауға кіріседі. Жұмыртқаларын әр түрлі ағаштардың діңіне, қашаларға, шарбаққа, ірі тастарға, үйлердің керегесіне топтап орналастырады. Ә топтағы жұмыртқалардың саны 500-ге жетеді және одан да асады. Жұмыртқа тобын көбелек өзінің бауыр түктерімен жауып тастайды.Сондықтан жұмыртқа тобының көрінісі ақшыл-қоңыр түсті киізден жасалған жастықшаға ұқсайды. Денесіндегі ұзын қылшықтарының көмегі арқылы жас жұлдызқұрттар ағаштардың қуыстарында, қабықтың жарықтарында және бұтақшалар мен жапырақтардың арасында қуыршаққа айналады. 10-15 күннен соң қуыршақтан көбелек ұшып шығады. Зиянкес жылына бір генерация беріп өсіп өнеді.
Зиянкестің пайда болуы немесе ұшып келуі мүмкін аймақтарда және оларға іргелес телімдерді залалданған немесе залалданбағанын түпкілікті көзмөлшерімен тексеру ұйымдастырып феромондық ілгіштер арқылы аулап алады. Бұл бақылаудың негізгі мақсаты – ол уақытысында жүргізілетін шаралар арқылы зиянкестердің динамикалық өсу популяциясын бақылау арқылы жаппай көбеюі мүмкін ошақ аумағын уақытысында анықтау.
Күресу шаралары: вирустық препараттар мен зиянкестің жұлдызқұрттарын жою. Орман ағаштарында синтетикалық препараттардану кезінде арнайы тізімге сәйкес жұмыс жүргізу.

ҚР АШМ АӨК МИК «Ұлытау аудандық аумақтық инспекция» мемлекеттік мекемесі.