У кекіре жайлы естіп көрдіңіз бе?
Жатаған(қызғылт) у кекіре
Горчак розовый
Agroptilon repens D.C
Жатаған (қызғылт) у кекіре – ең бір қатерлі, қиын жойылатын көпжылдық атпа тамырлы карантиндік өсімдік болып есептеледі. Зияндылығы мен онымен күрес күрделілігі тұрғысынан у кекіре бүкіл егістік көкжиегіне еніп, қуатты тамыр жүйесі бар ең қатерлі арамшөптердің арасында бірінші орын алады. Жеке тамырлары 10 метрге дейінгі тереңге еніп, ауылшаруашылық дақылдары шығымының күрт құлдырауына соқтырады.
Дақылды өсімдіктердің жойылуының себебі – у кекіренің топырақты қатты құрғатуы және сарқылтуы, сондай-ақ оның тамырларымен токсиндер бөлуі. У кекіре өсімдігі ащы дәмге ие және ол астықта, мал азығының көк шөбінді, пішенде және сабында бар болса өнімнің сапасын едәуір төмендетеді. У кекіре саны 1 шаршы метрге 5-10дана болған кезінде алынған өнім, құрамында у кекіре дәндері және токсиндермен уланған астық болғандықтан пайдалануға келмейді. У кекіре құрамында болатын зат-инулин, тамырларда коректік заттардың жиналуына ықпал етеді, бұл жаңа өсімдіктердің пайда болуына себеп болады. У кекіренің тамыр жүйесі бойынша инулин қозғалысы жылына екі рет болады, көктемде ол жоғарыға қарай өскіндерге жылжиды, вегетация кезінде оларға қажеттінің бәрін береді, жазда гүлдеген уақытында тамыр жүйесі арқылы төмен қарай жылжиды.
У кекіренің тамыр жүйесі қуатты және күрделі, тік тамырдан және одан әрі түрлі бағытта созылған көлденең тамырлардан және тамырсабақтардан тұрады. Сондықтан егістерді арамшөптерден төмендетудің бір жолы – 30-60 см-ге дейін тереңдетіп жырту, бұл у кекіренің тамыр жүйесінің біразының құруына әкеледі және оның маңызы зор. Тереңдіктен басқа, қиын уақытта да маңызды. У кекіре жеміс салу кезеңіндегі жазға қарағанда, көктемде розетка фазасында қиылған кезінде тез өсіп-өнеді. Кейде жазда құрғақшылық кезеңде у кекіре тыныштық қалпына түсіп, жүргізіліп жатқан агротехникалық әдістерге мүлдем қозғалыссыз күйде қала береді. У кекіренің байқалмаған өсімдігі 2-3 жыл ішінде әрі қарай бүкіл танапқа тарала шоғыр жасайды. Жаз мезгілінде қалыптасқан өсімдік гүлдейді және тұқым береді, оларды желмен, жауын-шашынмен ұшырып әкетеді, жаңа ошақтар қалыптасады. Бір өсімдік 1400-ден 18000-ға дейін өнетін тұқымдар береді. У кекіре тамыр бөлшектерінен оңай өсіп шығады, сондықтан агротехникалық шараларды жаппай әдісімен жүргізу мүлдем болмайды, өйткені танапта у кекіренің бөліктерінің таралуы орын алады. Зерттеулер көрсеткендей, жаз мезгілінде өсімдіктің тұқым шашпауына жол бермеу мақсатында агротехникалық күресу шараларын тек қана шоғырларда жүргізу кажет және у кекіренің ерекшеліктерін ескере отырып, күрес шаралары әдістемелі және жыл сайын, агротехникалық және химиялық болуы керек.
Жатаған (қызғылт) у кекіремен күресу кешенді карантиндік, агротехникалық және химиялық шаралар жүргізілуі кажет.
Шығындарды айтарлықтай үнемдей отырып белсенді мумкіндік беретін ең тиімді кешенді әдістердің бipi – жаппай және таңдап әрекет ететін гербицидтерді қолдану. Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтерді пайдалану.
У кекіренің жер үcтi және жер асты өскіндерін тиімді басу үшін препараттардың фитотоксикалығы жоғары, өсімдіктер мен топырақтағы детоксикалауға салыстырмалы төзімділігі болуы және жапырақтардан тамырларға дейін жақсы қозғалуы керек.
Аныктама: Әр өңірдін ауа-райы жағдайына байланысты Ұлытау ауданында жатаған (кызғылт) у кекіренің шанақтану фазасы маусымның I және II декадасына келеді.
Cүpi жер танаптарындағы химиялық өңдеулер агротехникалық шаралармен үйлескенде тиімді нәтиже береді. Агротехникалық әдістердің негізгi міндеті — тамырларда жинақталған пластикалық заттардың қорын сарқыттуға бағытталған тамыр жүйелерін жүйелі қиыу. У кекіренің жаңа өркендерінің пайда болуына мүмкіндік бермеу үшін атжал тастамай немесе жіберіп алмай өңдеудің берілген тереңдігін сақтай отырып, уақытында, сапалы және 6ipнеше рет топырақ өңдеу құралдарымен тамырларды қию. Осы шарттар сақталса, тамырлардағы заттардың пластикалық қоры жүйелі түрде азаяды. Арамшөп әлсірейді және өркен пайда болғыштығы басылып, у кекіреге осылай әсер етуден кейін тек қана бipaз жылдардан соң оның тамыр жүйесі біртіндеп қурап кетеді.
Укекіремен ластанған жерлерде кез келген дақылдарды жинаудан соң танапты одан кейін де пайдаланылуына қарамастан бірден аңызды сыдыра жырту аса маңызды. Сүдігер жыртуды және күзгі қара cүpi жер кетеруді осы аймақ үшін оңтайлы мерзімдерде өткізу қажет. Сүре жерге шығарылған арамшөптілігі күшті танапта КПГ-2,5, КП-2-250, КПП-2,2 жалпақ тілгіш қопсытқыштар көмегімен у кекіренің тамыр жүйесінің сарқылуына бағытталған агротехникалық шаралар жүргізіледі. Сонымен қатар, осы танаптарда көпжылдық арамшөптерді себу ұсынылады.
Ғылыми зерттеулер мен тәжірибе агротехникалық әдістер мен өсімдіктерді қорғаудың заманауи химиялық құралдарының ұтымды үйлесімділігі арқылы топырақтың құнарлығын төмендетпей тез және аз шығындармен укекрені жоюға болады, және мөлшері мен сапасы жағынан жақсы ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін алуға болатынын сенімді түрде дәлелдеді. Маңыздысы, топырақты тозаңдатуга әкелетін өңдеулер санын қысқарту, гербицид дозаларын азайту және олардың тepic нәтижесін айтарлықтай әлсірету.
Гербицидтерді қолдану кезінде міндетті түрде бүркулер арасындағы және сүре жерді бұдан кейінде өңдеуде 2-3 апталық аралықты сақтау керек. Гербицидтерді пайдалану сүре жерді қопсыту санын 8-10-нан 4-5-ке дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Сүре жерлерді жаппай өңдеуден бас тарту арқылы арамшөптіліктің ошақты түрінде (50 % төмен жобалық қамту) укекіре шоғырларын бүркумен шектелген гербицидтер шығынын айтарлықтай төмендетуге болады.
Жатаган укекірені аз шығынмен толық жоюды агротехникалық шараларды заманауи гербицидтермен уйлестіре отырып ең қысқа мерзімдерде қол жеткізуге болады. Укекіренің тамыр жүйесі өте улы гербицидтер әсерінен үш жыл ішінде қурап кетеді.
Биологиялық тиімділік дегеніміз, карантиндік арамшөптердің бастапқы санынан және / немесе олардың жер үcті бөліктерінің кеуіп кетуінен пайызбен көрсетілген өсімдіктерді қорғау құралдарын қолдану арқылы карантиндік объектілердің жойылуы. Тиімділікті белгілеу мерзімдері пестицидтердің әсер ету жылдамдығына байланысты. Тез әсер ететін препараттар үшін тиімділікті өңдеуден кейін З-шi күнге білінеді. Әрекет ететін кезеңі баяу препаратар бойынша тиімділігі өңдеуден кейінгі 7, 10 және 14 күндері білінеді.
Белгіленген учаскенің арамшөптілігінің тығыздығына және жердің бедеріне байланысты бүрку техникасы таңдалады. Apaмшөптiлiгi күшті және жердің тerіс учаскелерінде штангалы бүріккіштерді қолдану мақсатқа сай, арамшөптілік дәрежесі орташа учаскелерде — ең жақсысы аспалы моторлық бүріккіштерді қолдану, ал көпжылдықтардың ұсақ жалғызданған шоғырларда және біржылдықтардың жекелен өсімдіктерінде (жалғызданған) аспалы қол бүріккіштерін пайдалануға болады.
ҚР АШМ АӨК МИК «Ұлытау аудандық аумақтық инспекция» мемлекеттік мекемесі.