Ауылда атқарылған жұмыстар бар
Аманкелді ауылдық округі әкімі Ноян Жеңсікбаевтың 2020 жылы атқарған жұмыстары туралы қорытынды есебі
Ұлытау ауданы Аманкелді селолық округінің жалпы жер көлемі – 380528 га-ды құрайды, оның жайылымы –368475 га, шабындығы – 15053 га . Агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру бағдарламасы бойынша электронды картаға барлығы — 270396,8 га жайылым жер енгізіліп, 72% құрады .
Орталығы Сарлық селосы. Аудан орталығынан 39 км, облыс орталығына- 705 км қашықтықта орналасқан. Елді – мекендер саны -2. (Сарлық селосы, Боздақ елді мекені ).
— халық саны – 424 адам
— экономикалық белсенді халық саны-276 адам немесе 65%-ы
— бюджет саласында жұмыс істейтін адам саны – 80
— Шаруа қожалықтары саны – 89, 59 шаруа қожалықтарында 3 адамнан, барлығы — 177 адам
— кәсіпкер саны — 7, ондағы адам саны -12
2020 жылдың 12 айында Аманкелді ауылдық округі а.ж. өткен мерзімінде ауыз су желісін ағымдағы жөндеуден өткізуге 8 млн.975 мың теңге бөлініп, ЖК «Дос» Е.Кенжебаевпен 8 млн. 4400 теңге келісім шарт жасалынып, ұңғы /скважина/ ғимараты жөнделіп, қоршалып, насос ауыстырылды және 30 м.ұңғы тұрбасы ауыстырылды. Су жинап-таратқыш /башня/ қапталды, қоршалынды. Ұзындығы 50 м. жаңа су құбырының тұрбасы ауыстылып, 1 дана колонка жөнделді.
«Бюджетке халықтың қатысуы» пилоттық жобасы бойынша 1млн.500 мың теңгеге «Жастар саябағына» демалыс орындары мен 12 дана күн сәулесінен қуат алатын шамдар орнатылды.
Ішкі жолды асфальттауға 50 млн.108 мың тг. сметалық-есептемесі дайындалып, 2021 жылғы өтінімге енгізілді, «Кененбай» тоғанын ағымдағы жөндеуден өткізуге 28 млн. 650 мың тг. сметалық- есептемесі дайындалып, 19.10.2020 ж. конкурс жарияланды., туризмді дамыту мақсатында «Кененбай» тоғанына және «Қазақмыс» ЖШС демалыс үйлеріне баратын электр желісін рәсімдеуге 1 млн.17 мың теңгеге алдағы сессияға сұраныс берілді.
27.09.2020 жыл 303 мың тг. балалар ойын алаңы мен шағын футбол алаңына құжаттар дайындауға, 333 мың тг-ге жайылымдар құжаттарын рәсімдеуге келісім-шарттар жасалынды, құжаттары рәсімделу үстінде.
Мал бастары туралы 2017 – 2020 жыл 1-кесте
Атауы | 2018ж | 2019ж | Өсімі | 2020 ж | өсімі |
МІҚ | 3549 | 3596 | 100.7 % | 3949 | 91,0 % |
ҰМ | 5555 | 6096 | 106.7 % | 6110 | 99,7 % |
жылқы | 1744 | 1945 | 120.8 % | 2201 | 99,2 % |
«Ұлытау ауданы Аманкелді селолық округі әкімі аппараты» ММнің штаттық кестесі :
— селолық округ әкімі -1
— бас маман
— 2 қызметкер
— техникалық персоналдар – 7.
Ветеринария саласы бойынша штатта барлығы – 4 қызметкер, оның ішінде:
— Ветеринар меңгеруші -1, фельдшер -1, санитар -1, статист -1.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ветеринар маман келген жоқ.
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017- 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру туралы.
Ауыл шаруашылығы саласын дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламаларының маңыздылығы жайлы шаруа қожалық жетекшілеріне, жеке тұлғаларға түсіндіру жұмыстары ұдайы түрде жүргізіліп отырады.
2020 жылдың өткен мерзімінде округ бойынша 12 дана күн сәулесі панельдері орнатылды, қосымша 3 дана құрылғыға тапсырыс берілді. Осы құрылғыларды орнатудың негізгі үлесі «MURAT ENERGY» ЖШС-не тиесілі, максимальды өндіретін ток күші 5 кВт, яғни күнделікті тұрмыстық қажеттілікті толықтай қамтып отыр.
2018 жылы 2-кесте
№ | Ауылшаруашылық техникасы- ның түрі, маркасы | Алынған меке- менің атауы | Ауылшаруашылық техника- сын алушының атауы (А.Т.Ж) | Дана |
1 | МТЗ -82 | «Ұлар»НС ЖШС | «Қорғантас» ш/қ | 1 |
2 | Пресс подборщик | «Ұлар»НС ЖШС | «Қорғантас» ш/қ | 1 |
«Қорғантас» шаруа қожалығы 1 МТЗ- 82, 1 пресс подборщик құрылғысын лизингке алып, халыққа ақылы қызмет көрсетіп келеді.
2019 жылы 3-кесте
№ | Ауылшаруашылық техникасының түрі, маркасы | Алынған меке- менің атауы | Ауылша- руашылық техникасын алушының атауы (А.Т.Ж) | Дана |
1 | Пресс подборщик | Өз қаражатына | «Каражоргин
Б» ш/қ |
1 |
2 | МТЗ — 82 | Өз қаражатына | «Жарасбаев Е» ш/қ | 1 |
2020 жылы 4-кесте
№ | Ауылшару- ашылық техни- касының түрі, маркасы | Алынған меке- менің атауы | Ауылша- руашылық техникасын алушының ата-
уы (А.Т.Ж) |
Дана |
1 | МТЗ -82 | «КазАгро» ҰБХ АҚ/ өз қаража-
тына/ |
«Масат» ш/қ | 1 |
2 | КУН -10 | «КазАгро» ҰБХ /өз
қаражатына/АҚ |
«Масат» ш/қ | 1 |
2017-2019 жылдар аралығында «Қазагро» ҰБХ» АҚ арқылы «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» т.б бағдарламалардың жүзеге асуы туралы.
2018 жылы мал басын арттыру және асылдандыру мақсатында «Ұлар» ЖШС несиелік серіктестіктен «Смағұл Е.Ж» шаруа қожалығы 4 млн.тг. несие алып, 1 бас асыл тұқымды «Жабы» айғырын Жаңаарқа ауданы Ақтау селолық округінен және 15 бас бие малын округ аумағынан сатып алып, бүгінгі күнде 8 бас / құлын/ өнімін алды. «Бужымов А» шаруа қожалығы АШҚҚҚ ҚОФ- нан 3 млн. тг. көлемінде несие алып, 12 бас жылқы малын сатып алып, мал басын көбейтуде. Сарлық селосының тұрғыны Алатаева С. АШҚҚҚ ҚОФнан 3 млн.тг несиеге 8 бас аналық МІҚ малын, «Қорғантас» шаруа қожалығының жетекшісі Құланбаев Айдын «Ұлар» ЖШС-нен 9 млн.400 мың тг. несие алып, 39 бас МІҚ сатып алды.
2019 жылы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017- 2021жж. арналған бағдарламасы аясында ЖК Пауеден Н. «Игілік» бағдарламасы арқылы алған 4 млн.теңге 300 бас қой , «Байдәулет» шаруа қожалығының жетекшісі Кукенова М. АШҚҚҚ ҚОФ-нан алған 3 млн теңгеге 15 бас МІҚ малын сатып алды. «Әжібаев М» шаруа қожалығы «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 39 млн 375 мың тг. несие алып, асыл тұқымды 50 бас, «АЖН» шаруа қожалығы,жетекшісі Аубаев Қ.М. Татарстан Республикасынан 40 бас герефорд МІҚ малын әкелді. Бүгінгі күндері жеке бағылып, каратинде ұсталуда. Сонымен қатар өз қаражатына «Масат» шаруа қожалығының жетекшісі Серекова Г. 30 бас МІҚ малын, «Искаков Б» шаруа қожалығы 20 бас, «Байдәулет» шаруа қожалығы 20 бас жылқы , ауыл тұрғыны Алатаев С .18 бас МІҚ малын сатып алып, өсіруде.
2020 жыл (10 ай) Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017- 2021 жж. арналған бағдарламасы аясында округ тұрғындары Сәрсен Б. АШҚҚҚ ҚҚОФ-нан 4 млн.тг несие алып, жылқы малын өсіруге, Айбеков Е. «Ұлар» несиелік серіктестігінен 7 млн. теңгеге 20 бас сиыр малын сатып алды.
«Бұжымов Ә» шаруа қожалығының мүшесі Ө.Бұжымов 295 бас ұсақ мал алуға құжаттарын «Ұлар» НС ЖШС-не өткізіп, қолдауды күтіп отыр.
Округ бойынша 2018- 2020 жылдар аралығында төрт түлік мал басын асылдандыру жұмыстары туралы.
2018-2020 жылдар аралығында МІҚ малдарын асылдандыру мақсатында «Аққошқар»,«Құтыбаев»,«Қорғантас», «Қаражорғин Б.» шаруа қожалықтары МІҚ мал бастарын асылдандыру бағытында әр жылдары әрбіреуі 2-ден асыл тұқымды бұқаны табынға қосу нәтижесінде барлығы 246 бас МІҚ малы асылдандырылып, 2,3 %-ті құрады. 2018-2019 жылдары «Қорғантас», «Қаражорғин» ш/қожалықтары әрқайсысы 4 бастан әулиекөл асыл тұқымды бұқаларды табынға қосып, асылдандыру жұмыстарын жандандыруда, мемлекет тарапынан мал басына бөлінген 1560 мың теңге субсидияны уақытылы алып келеді. Аталған шаруа қожалықтары әулиекөл бұқаларын Қаракеңгір селолық округіне қарасты «Тоба» шаруа қожалығынан алды.
Шаруа қожалықтардың атауы | Асыл тұқымды бұқалар, саны | ||
2018 ж | 2019 ж | 2020 ж | |
— | — | ||
— | — | ||
«Каражоргин Б» | 2 әулиекөл | 3 әулиекөл | 4 әулиекөл |
«Ќорғантас» | 2 әулиекөл | 3әулиекөл | 4әулиекөл |
Барлығы | 4 | 6 | 8 |
Асыл тұқымды айғырлар /жабы тұқымы/
2018 ж 2019 ж 2020ж |
|||
«Смағұл Е.Ж» | 1 жабы | 1бас жабы | — |
«АЖН» | — | — | 0 |
«Битугаев А» | — | — | 0 |
Барлығы | 1 | 1 | 2 |
Жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау туралы атқарылған жұмыстар.
2017 – 2020 жж. аралығында ет өнімдері экспортталынған жоқ. 2020 жылдың 10 айына 6,7 тн. ет экспорттау міндеттелінген болатын. Шаруа қожалықтарымен, жеке тұлғаларымен түсіндіру жұмыстары ұдайы жүргізілуде.
Энзоотиялық және аса қауіпті ауруларға қарсы іс- шаралардың 2017-2020 (6 ай) жылдар аралығындағы орындалысы.
Республикалық нысаналы ағымдағы трансферттен бөлінген қаржы есебінен жүргізілген ветеринариялық профилактикалық шаралар бойынша Сібір жарасына — 3000 бас МІҚ, қой-ешкі — 8000 бас, жылқы – 1800 бас, қарасан ауруына – 2000 МІҚ егілді. Туберкуллезге қарсы — 2000 мүйізді ірі қара, нодулярды дерматитке – 4000 МІҚ егілді.
Бруцеллезге — 1150 бас аналық МІҚ, аталық бұқа -200 бас, ересек МІҚ -200 бас, аналық қой малынан — 4000 бас, 300 бас аталық қошқардан, ересек қойдан-500 бастан қан алынды.
2018- 2020 (10 ай) жылдар аралығындағы ауылшаруашылығы жануарларының идентификациялау жұмыстарының жүргізілуі.
МІҚ,
басы |
ҰМ | Жылқы | Сырғаланған мал | |||
бұзау | қозы | құлын | ||||
2018 ж | 3330 | 5202 | 1443 | 800 | 1600 | 370 |
2019 ж | 3887 | 5555 | 1744 | 1200 | 2785 | 491 |
2020 ж | 3933 | 8198 | 1730 | 965 | 3311 | 526 |
Жануарларды қолдан ұрықтандыру қызметінің 2017 -2020 (6 ай ) жылдар аралығындағы саны.
Аталған бағыт бойынша жұмыстар атқарылған жоқ. Себебі шаруа қожалықтары мен мал иелері қолдамады.Ү.ж. сәуір айының 4-ші жұлдызында ауыл тұрғындарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілген болатын,хаттама №4.
Мал қорымдарының, мал бордақылау , мал сою алаңдарының саны және олардың қазіргі кездегі жәй – күйі.
2017-2020 жж. арналған әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының 25-26 пункттерінде мал қорымы құрылысының ЖСҚ дайындау және құрылысын 2018- 2019 жж. салу аудандық ветеринария бөлімінің басшысымен келісе жоспарланып, бекітуге ұсынылған. Қажетті қаражат 8 млн.теңгені құрайды, аталған нысан құрылысы округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасына сәйкес 2022 жылға белгіленді.
2017 -2020 жылдары асылдандырылған мал басының саны – 95 бас, яғни -2,3 % құрайды.
Аманкелді селолық округіндегі шаруа қожалық иелерінің саны барлығы – 89. Ауыл орталығынан тысқары қыстақтарда 44 шаруа қожалығы, 15 шаруа қожалығы Сарлық селосының басында орналасқан, 21 шаруа қожалығы жерді толық пайдаланбай отырғандығы түгендеу жұмыстары барысында анықталып, аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөліміне тізім жолданылды. Бүгінгі күнде Е.Сыздықовтың атындағы 13502 га жер соттық процестер арқылы мемлекет меншігіне қайтарылды.
2018-2020 жылдарға өндірілген өнім көлемі. Қанаттас орналасқан Жезқазған, Сәтбаев қалалары тұрғындарына жыл сайын шамамен 280-300 тонна ет, атап айтқанда 165 тн. МІҚ,78 тн.жылқы,39 тн.қой,9 тн.ешкі еттері, 2000-2500 сүт және өнімдері /қаймақ,май- ,ірімшік т.б./,1500-1800 литр қымыз сатылады. Үстіміздегі жылы аудан орталығында 3 мәрте ауылшаруалық күндері өткізіліп, 7 бас қой малының еті, 22 кг май,13 кг құрт сатылды.
Сонымен қатар «Смагулов Е» шаруа қожалығы 20 соток жерден өндірген 800 кг картопты Жезқазған, Сәтбаев қалаларына сатуда.
Өн-
діріл- ген өнім- дер, тн |
2017 ж | 2018 ж | 2019
ж |
Ет | 270
000 тн |
275
000 тн |
287
000 тн |
Сүт | 2700 л | 2780 л | 2850
л |
Май | 450 кг | 460 кг | 490 кг |
жұ-
мы- ртқа |
34000
дана |
35000
дана |
36000
дана |
2017-2020 жж. аралығында арнайы дәрі беру арқылы 43 итпен 22 мысықтың көздері жойылып, өртенді.
Аманкелді селолық округіндегі соңғы үш жылда ашылған жұмыс орындарының саны,жұмыспен қамтылған адамдардың саны.
2018- 2020 жж. аралығында 37 жұмыс орындары ашылды, негізінен шаруа қожалықтар құрайды. 2017 жылы құрылысы басталып, 2018 жылы қолданысқа берілген ЖК «Пауеден Н.М» «Көкмайса» атты халыққа қызмет көрсететін демалыс орнын ашып, жазғы маусымда 6 адамға жұмыс орнын ашып беріп, қазіргі уақытта туристерді қабылдап отыр.
Аудан әкімінің 500 мың тг. грантын иеленген ЖК «Сарсен Б» 2 адамнан 10 адамға дейін қонақ қабылдауға мүмкіндігі бар «Сарлық» қонақ үйін ашты.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша селолық округкке келген ауылшаруашылық саласының мамандары. 2018-2020 жж. аралығында ауылшаруашылық саласы бойынша жастар келген жоқ.
2018-2020 жылдары ауылдық округте инфрақұрылымның даму үрдісі – халыққа көрсететін сервистер ауыл тұрғындардың мұқтаждықтарының туындамауына байланысты жоқ. Бүгінгі күнге ауыл тұрғындарына қажетті сервистік орталықтарын ашу бойынша мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылай көмектер туралы әр өткізілген жиындарда түсіндіріліп отыру жолға қойылған. Тұрғындарға қажетті шаштараз, аяқ киім жөндеу, автокөлік жөндеу шеберханаларын ашу 2020-2022 жылдарға жоспарлануда.