Тынысы кеңейген Терісаққан
Терісаққан ауылдық округі әкімі Алмат Дүйсенбаевтың 2020 жылы атқарған жұмыстары туралы қорытынды есебі
Терісаққан — ерекше өзен. Көп өзендердің бірі түстікке, бірі батысқа, бірі шығысқа қарай бет түзеп ақса, Терісаққан терістікті бетке алып ағады. Білетіндердің сөзіне сүйенсек, бұл өзен Есілге, Есіл Ертіске, Ертіс Обьқа, Обь Солтүстік Мұзды мұхитына құяды. Табиғаттың ғажабы бұл. Басы Желдіадырдың бауырынан басталған Терісаққан сонау алып мұхитқа, Солтүстік Мұзды мұхитына құяды.
Терісаққан селолық округінің жеріне 1937 жылы Қызылту, Талап, Желдіадыр үш колхоз құрылады. 1956 жылы шаруашылықты ірілендіруге байланысты үш колхоз бірігіп Шеңбер совхозы болып ашылды. Совхоз Талап колхозының орталығына орналасты. Совхоздың территориясын әскери сынақ жұмыстарын жүргізу үшін Қорғаныс министрлігінің бұйрығымен әскери бөлімге берілді.
1957 жылдың күзінде совхоз Қараторғай өзенінің бойындағы Қорғасын кен орынына Шеңбер совхозы болып көшірілді.
1980 жылы мамыр айында бұрынғы Талап колхозының орталығынан солтүстікке қарай 3 км жерден жаңа Терісаққан совхозы ашылды. Совхоздың негізгі бағыты ауыл шаруашылығы.
Ұлытаудың солтүстік-шығысында 150 шақырым жерде орналасқан Терісаққан ауыл округінде 219 750 гектар жер көлемі бар. Бұл жердің егістігі-22 000 га, шабындығы-1835 га, жайылымы-185915 га құрайды.
Терісаққан ауылдық округінде жалпы халық саны 342, оның ішінде: Терісаққан ауылында -318, Қоскөл елді-мекенінде — 24 адам. Экономикалық белсенді халық саны -210, зейнет жасында — 41 адам, жәрдемақы алушылар жоқ, тылда еңбек еткендер жоқ, «Ауған-Тәжік» соғысының ардагері-1, жұмыссыздар — 5 адам, жұмыспен қамтылғандар — 115 адам. Терісаққан ауылдық округі арқылы «Арқалық – Шұбаркөл» бағыты бойынша темір жолдың өтуіне байланысты, ауыл жастары «Терісаққан» станциясымен «Майбұлақ» станцияларына мамандықтарға сай даярлық курстарынан өткен — 25 адам жұмыспен қамтылған.
Мал басы саны: ірі қара1095, жылқы-895, ұсақ мал-438, құс-251
Шығысы Нұра ауданымен,- солтүстігі Жалғызтал, батысы Шеңбер, оңтүстік-шығысында Егінді жерлерімен шектесіп жатыр.
Село орталығы Терісаққан өзенінің бойынан бой көтерген көрікті село. Шаруа қожалықтары-37. Аудан орталығы Ұлытау селосымен, елді мекендер Шеңбер, Сарлық көтерме жол байланыстырады. Оңтүстік-шығысында 80 шақырым жерде Шұбаркөл кеніші орналасқан.
Ауыл орталығында 2 азықтүлік дүкені, 1 киім-кешек дүкені халыққа қызмет етуде. Азықтүлік бағалары үнемі бақылауда, кәсіпкерлер мен әкімдік арасында азық-түлік бағаларын тұрақты төмен бағада ұстап тұруға меморандум жасалған. Жеке кәсіпкер Гүлзира Ғазизқызының көмегімен «Индира» азық-түлік дүкенінде әлеуметтік көмек бұрышы ашылған.
Ауылымызда 150 орындық мектеп ғимараты бар. Мектепте — 22 мұғалім білім беруде, 18 мұғалім жоғары білімді, арнаулы орта білімді 4 мұғалім бар. Оның ішінде: 1-ші санатты — 4 мұғалім, 2-ші санатты -7 мұғалім, санатсыз — 8. Ауыл мектебінде 76 оқушы білім алуда. Азаматтық қызметкерлердің саны-34. Оқу тәрбие жұмысы бірқалыпты жолға қойылған. Мектеп-интернет жүйесіне қосылған. Мектептегі аз қамтылған және көпбалалы отбасыларынан шыққан оқушыбалаларға бір мезгіл ыстық тамақ беріледі. Ауыл мектебінде оқушыларды ауданға және көрші ауылдарда өткізілетін білім сайыстарына, спорттық шараларға тасымалдайтын жаңа «УАЗ» автокөлігімен қамтамасыз етілген.
Мектеп жанындағы «Балбөбек» балалар шағын орталығында 15 бала тәрбиеленуде және мектепке дейінгі 11 бала даярлық топта оқиды. Ғимарат толығымен сыртқы жылу қазандығымен қамтылған.
Денсаулық сақтауды дамытудағы басты мақсат азаматтарға алғашқы медицина-санитарлық көмектің және дәрігерлік жәрдемді көрсетудің тиімді жүйесінің жақсартылуы болып табылады. Ауылдағы ФАП дәрігерлік пунктінде -3 медбибі және ауданнан бөлінген УАЗ жедел жәрдем машинасы халыққа қызмет көрсетуде. 2020 жылы ауылда 12 нәресте дүниеге келді. Қайтыс болған адам саны-2. Туберкулезбен, басқа да түрлі жұқпалы аурулармен ауыратын азаматтар жоқ. Балаларды егіп-емдеу жұмыстары арнайы кесте бойынша жүргізіледі. Денсаулық сақтау саласын цифрландыру барысында, ДАМУМЕД мобильдік қосымшаға ауыл тұрғындары жалпы қосылды. Терісаққан селолық округінің стратегиялық даму жоспары бойынша, ФАП мекемесінің жаңадан ғимаратын салуға жер телімі заңдастырылды, 2021 жылы құрлысын бастау жоспарландыруда.
Ауыл әкімшілігі халыққа ауыз-су, электр энергиясын берумен тұрақты түрде айналысады. Орталықтағы халыққа ауыз су беретін құбырлары жұмыс істеп тұр. Ауыз су мұнарасының ескі қаптауын шешіп, жылу ұстау материалдарымен қаптап, сыртқы жабындысын жаңарту жұмыстары жүргізілді. Ауыз су сорғысы жаңартылды, қосымша резервтік сорғы қойылды, сорғы бөлмесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары, су мұнарасы аумағын жаңадан қоршау, су желісінің мектеп қиылысын жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жұмыстың жалпы соммасы 8 000 000 теңге. Жауапты: Ұлытау аудандық «КОМХОЗ» мекемесі. Арнайы 1 су маманы бар. Тұрғындардан ауыз суға ешқандай берешек жоқ, уақытылы төленуде. Қоскөл елдімекені тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, ауыз су ұңғымасын қазу жұмыстары аяқталып ауыл тұрғындарына пайдалануға берілді. Жұмыстың жалпы соммасы: 6 505 518 теңге. Жауапты кәсіпкер «GazizKZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Ауыл әкімі аппаратына ҚАЗАҚтелеком, мектепке, ветпунктке және ауыл кітапханасына ASTEL интернет жүйесі орнатылған. Билайн ұялы байланыс жүйесі тұрақты жұмыс жасап тұр. 2020-2021 жж. жылу беру маусымы жоспарын ауыл тұрғындары мен мекемелері толық орындады. Көмірмен толық қамтылған. Қосалқы автогенераторлармен және оған деген жанар маймен қамтылған.
Ауылдық округтегі 63 үй 630 тонна көмірмен қамтамасыз етілген, 100%. Сондай-ақ, «Терісаққан ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-не 15 тонна, «№9 Терісаққан жалпы орта білім беретін мектебі» КММ – 350 тонна, ауылдық Клуб үйі — 40 тонна, Терісаққан ауылдық ФАП мекемесі — 10 тонна тасылды. Көктемгі және күзгі елді-мекендерді абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстарына байланысты айлықтар өз деңгейінде өтті. Ауыл көшелеріндегі билборд, баннерлер жаңартылып отырды және мереке күндеріне орай мерекелік баннерлер ілініп тұрды. Қатты тұрмыстық қалдықтар сақтайтын полигонына жыл бойына- 1600 тонна қатты қалдықтар шықты. Тазалық жұмысына ауылдағы мекемелер мен барлық ауыл тұрғындары және 2 техника тұрақты қатысты. Ауыл көше ішіндегі пайдалануға жарамсыз ғимараттар және тұрмыстық қалдықтар ауыл сыртындағы ҚТҚ полигонына шығарылды. Аталған жұмыстарға 2-«КАМАЗ» жүк көлігі тіркемесімен және 1- жүк тиегіш (погрузчик) техникасы жұмылдырылды. Жұмыстың жалпы соммасы 1 500 000 теңге. Жауапты мердігер: Жеке кәсіпкер «Нұр-Аман».
2020 жылы Терісаққан ауылдық округінің аумағына кіреберісіне елді мекен атауын дайындауға, орнатуға жобалық сметалық құжаттары жасалынды, 2021 жылы елді мекен атауын және паспортын орнату жоспарлануда. Терісаққан ауылының Қызыл ту көшесі бойында орналасқан «Жанайдар батыр» бюсті орналасқан саябақта ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, саябақ ішіндегі тас-төсеме (брусчатка) бір деңгейде төселіп жаңартылды және темір қоршаулары дәнекерленіп, сырланды. Сонымен қатар саябақ ішінде жарық шамдары ауыстырылды және саябақ орындықтары жаңадан жасалды. Түрлі-түсті диодты шамдармен безендірілген арка саябақтың орталық алаңына қойылды. Желдіадыр және Қызылту көшелерін абаттандыру бойынша «Жанайдар батыр» бюсті алаңына 25 дана қарағай ағашы отырғызылды.
Жұмыстың жалпы соммасы: 2 500 000.00
Жауапты мердігер: «Respect Stroy KZ» ЖШС-гі.
2020 жылға «Қатысу бюджеті» бағдарламасымен бөлінген 600 000 теңге қаражатқа ауыл әкімшілік ғимараты мен «Жанайдар батыр» бюсті орналасқан саябағы жанына жаңа балалар ойын алаңы салынды. Ойын алаңы аумағында балалардың қауіпсіз және алаңсыз ойнауы үшін қажетті ойын құрылғыларымен жабдықталған. Жауапты мердігер: «Respect Stroy KZ» ЖШС-гі. Сонымен қатар 2020 жылға қатысу бюджеті бағдарламасымен бөлінген 900 000 теңге қаражатқа «Терісаққан-Қоскөл» бағытындағы автокөлік көтерме тас жолының бойына латын әріптерімен «TERISAQQAN» жазу белгісі орнатылды. Жазудың іргетас биіктігі 1 метр, ұзындығы 13 метр, жалпы жазудың көлемінің биіктігі 90см, ұзындығы 12 метр темір металдан орнатылған. Жауапты мердігер: «Respect Stroy KZ» ЖШС-гі
Жергілікті қоғамдастықпен келісе отырып ауылымыздан Ұлы Отан соғысына аттанып оралмаған және қан майданнан елге аман оралып бейбіт күнде көз жұмған бабаларымызға арнаулы белгі. 2021 жылы ҰОС ардагерлерінің мемориалды тақтасын орнатуды жоспарлап отырмыз. Бабалар ерлігі елге – өнеге.
2021 жылы ауыл көшелеріндегі бұқаралық ақпарат құралдары ретінде орнатылған бильбордтарды жаңарту, Желдіадыр көшесіне көше жарық шамдары бағандарын қоюды жоспарлап отырмыз. 2021 жылға «Қатысу бюджеті» бағдарламасымен бөлінген 3 000 000 теңге қаражатқа ауыл әкімшілік ғимараты мен «Жанайдар батыр» бюсті орналасқан саябағы жанына «воркаут» алаң салынды. Бұл жұмыстың жобалық-сметалық құжаты дайын.