2022 жылғы камералдық бақылау қорытындылары
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы №887 Жарлығымен Қарағанды облысының құрамынан Жаңаарқа, Ұлытау аудандарын, Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев қалаларын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Жезқазған қаласында орналасатын Ұлытау облысы құрылды.
2022 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит Комитетінің «Ұлытау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудим департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Департамент), құрылып, әділет органдарында тіркелді.
Департаменттің негізгі бағытының бірі — камералдық бақылау болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау» Заңының 30-бабы 2-тармағына сәйкес, камералдық бақылаудың мақсаты бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, мемлекеттік аудит объектісіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру және мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі жолдауында, мемлекеттік сатып алулардағы үлкен резервтерді (кейбір бағалаулар бойынша жылына 400 млрд теңгеге дейін) маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге бағыттауға болар еді.
Мәселен, 2018 жылы мемлекеттік сатып алу көлемі 4,4 трлн. тенгені құрап, оның 3,3 трлн. теңге немесе 75% бір көзден тікелей шарт жасасу арқылы бәсекелестікке жатпайтын тәсілмен жасалған.
Жолдаудағы негізгі өзгерістердің бірі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 41-бабына әсер етті, жаңа редакцияда — ҚР 15.11.2021 № 72-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі), яғни бәсекеге қабілетті тәсілдермен сатып алуға көбірек көңіл бөлінді.
2022 жылы Ұлытау облысы бойынша қамтылуға жататын жалпы 1498 лоттын соммасы 11,9 млрд. тенге, камералдық бақылаумен 1408 лоты соммасы 10,7 млрд. тенге немесе 94% қамтылды, оның ішінде 588 лот соммасы 1,4 млрд.теңге немесе 41,7% бұзушылықтар анықталып, мемлекеттік аудит объектілеріне хабарламалар жолданылды, жолданылған 578 хабарлама немесе 98% орындалды.
Анықталған бұзушылықтар мемлекеттік сатып алу тәсілдері бойынша, келесідей көрініс тапты:
— Бір көзден алу-285 хабарлама;
— Баға ұсыныстарын сұрату-175 хабарлама;
— Конкурс-33 хабарлама;
— Қосымша келісім-95 хабарлама.
Осылайша, анықталған бұзушылықтардың басым бөлігі бір көзден тікелей шарт жасасу жолымен заңсыз қолданылу, баға ұсыныстарын сұрату тәсілінде тауар таңбаларын көрсету және техникалық ерекшелік қазақ тілінде жарияланбау, сатып алынатын тауарлардың стандарт көрсетпеу бөліктерінде орын алды.
Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында, Департамент тарапынан тапсырыс беруші және ұйымдастырушыларға тұрақты негізде мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы мәлімет беріліп отырады.