2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы

«2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жыл сайын зейнетақы және әлеуметтік төлемдерінің мөлшерін арттыру бойынша Ұлытау облысында да жұмыстар жүргізілді.

️ Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтарынан  бастап: айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 450 теңге; толық еңбек өтілі болған жағдайдағы ең төменгі зейнетақы – 53 076 теңге; ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) – 40 567 теңге базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 24 341 теңге мөлшерінде белгіленеді.

️ Жасына байланысты  зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап алынатын мөлшерден 10,5 %-ға арттырылды.

️ Жасына байланысты жаңадан тағайындалатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 46 АЕК-тен 55 АЕК-ке (189 750 теңге) дейін арттырылады.

️ Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты, сондай-ақ ең төменгі күнкөріс денгейінің мөлшерінің 54%-дан 60%-ға ұлғаюына байланысты ұлғайтылды, ол 24 341 теңгені құрады.

️ Сондай-ақ, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің ұлғаюына байланысты (40 567 теңге) өсті.

️ Осылайша, жалпы аурудан 1-топтағы мүгедекке берілетін жәрдемақы мөлшері 77 889 теңгені, 2 топтағы мүгедектерге 62 068 теңгені, 3 топтағы мүгедектерге 42 190 теңгені құрайтын болды.

️ Асыраушысынан айырылу бойынша төленетін жәрдемақы бір балаға 34 888 теңгені, асырауындағы екі балаға 60 445 теңгені, үш балаға 75 049 теңгені, төрт балаға 79 512 теңгені, бес балаға 82 352 теңгені, алты және одан да көп балаға 85 597 теңгені құрады.

️ Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейіне және айлық есептік көрсеткішке байланысты белгіленеді.

️ Айлық есептік көрсеткіш өскен кезде бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы ұлғаяды және бірінші, екінші, үшінші баланың туылуына 131 100 теңгені (38 айлық есептік көрсеткіш), ал төртінші немесе одан да көп бала туғанына 217 350 теңге (63 айлық есептік көрсеткішті) құрады.  — бала күтімі бойынша жәрдемақы мөлшері ұлғайды және оларды төлеу мерзімі 1,5 жылға дейін ұзартылады.

️ Жұмыс істемейтін әйелдер үшін жәрдемақы мөлшері 2023 ж. бірінші балаға – 5,76 АЕК -19 872 теңге, екінші балаға – 6,81 АЕК – 23 494 теңге, үшінші балаға – 7,85 АЕК – 27 083 теңге, төртінші және одан көп балаға – 8,90 АЕК – 30 705 теңге болды. — мүгедек бала кәмелетке толғанға дейін оны тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, асырап алушыға (асырап алушыға), қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін жәрдемақы 56 794 теңгені құрады. — «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы 22 080 теңгені құрады. — 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға жәрдемақы отбасындағы балалардың санына қарай тағайындалады.

️ 2023 жылы 4 балалы отбасыларға жәрдемақы мөлшері 16,03 АЕК – 55 304 теңге, 5 балалы отбасыларға 20, 04 АЕК – 69 138 теңге, 6 балаға 24,05 АЕК – 82 973 теңге, 7 балаға 28,06 АЕК – 96 807 теңге, 8 және одан көп балаға – әр балаға 4 АЕК төленетін болады.