Ұлытау облысы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің басшысы тағайындалды
Сәния Досмағанбетқызы Жарымбетова Ұлытау облысы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің басшысы болып тағайындалды.
1989 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.
2010 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін, 2014 жылы Алматы экономика және статистика академиясын, 2016 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын құқықтану, экономика, статистика мамандықтары бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын жеке секторда заңгер болып бастаған.
Статистика саласында 2011 жылдан бастап жұмыс істейді. Астана қаласы бойынша статистика департаментінде түрлі қызмет атқарған.
Соңғы кезде Ұлттық статистика бюросының Орталық аппаратында еңбек еткен.