Ұлытау облысының Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы тағайындалды

Сұлтан Нариманұлы Мұхамеди – Ұлытау облысының Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.
1982 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.
2003 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2009 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін Мемлекеттік және муниципалды басқару, заңгер мамандықтары бойынша тәмәмдаған.
С. Мұхамеди еңбек жолын 2004 жылы Қарағанды облысының қаржы басқармасында жетекші маман болып бастаған.
2005 – 2007 жылдары Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы;
2007 – 2008 жылдары Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің бас маманы;
2008 – 2009 жылдары Шахтинск қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы;
2010 – 2014 жылдары Қаржы министірлігінің және Экономикалық даму және сауда министрлігінің сарапшысы;
2014 жылдан осы күнге дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінде қызмет еткен.