Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы болып Байкен Есқанұлы Жұмабаев тағайындалды

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы болып Байкен Есқанұлы Жұмабаев тағайындалды.
Байкен Есқанұлы Жұмабаев 1960 жылы Ақмола облысы Бұланды ауданында туған.
2 жоғары білімі бар, Жезқазған педагогикалық институты, Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті.
Еңбек жолын 1978 жылы Жезқазған қаласының ішкі істер басқармасы күзетінің өрт сөндірушісі болып бастаған. Әр жылдары Жезқазған, қаласында шахталарда, Қарағанды қалаларында төтенше жағдай саласында басшылық қызмет атқарған. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ҚР Төтенше Жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің басшысы қызметін атқарды.
Отбасылы, 2 баласы бар.