Ұлытау ауданының әкімі үндеу жариялады

Ұлытау ауданының бірнеше ауылында  алапат өрт болып жатыр. Осыған байланысты Ұлытау ауданы әкімі халыққа үндеу жариялады.

«2021 жылдың 1 шілдеден бастап, ауданымызда өрт оқиғасы орын алды. Осыған байланыста аудан бойынша төтенше жағдай жарияланды. Баршаңызға мәлім, ауданымыз күрделі жағдайды бастан өткеруде. Ауданда Төтенше жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылды. Оған аудан әкімінің орынбасары төрағалық етеді. Барлық қажетті алдын алу шаралары жүзеге асырылуда. Сіздерден сұрарым сақтық шараларын сақтап, осы тосын жағдайға байланысты алыс-жақынды жолға шықпауларыңызды сұраймыз», — делінген аудан әкімінің үндеуінде.