Бұл Жолдау — тарихи құжат
Еліміз егемендік алып, тəуелсіз мемлекет болған 30 жылдың ішінде қызыл империядан қалған «қорда-қоқыстарды» сырып тастап, ұлттық құндылықтарымызды құлаптастырып жатырмыз. Əлеуметтік-экономикалық жағынанан қарқынды дамыған, қорғаныс қуаты мықты елге айналдық. Əлемдегі күшті дамыған елдермен тереземіз тең, керегеміз кең мықты мемлекет болдық. Жеріміздің көл-көсір байлығы өз халқымыздың игілігіне айналды. Бүгінде жаңа Əділетті Қазақстан идеясын жүзеге асырып жатырмыз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «Біздің алдымызда айрықша міндеттер тұр. Бұл – еліміздің егемендігін жəне жеріміздің тұтастығын сақтап қалу. Елімізді қорғаудың ең басты жолы – берекелі бірлік» деп атап көрсете келіп, ел бірлігі ең басты құндылық саналатынын, қазір оның өзектілігі арта түскенін атап көрсетті.
Жолдауда еліміздің əлеуметтік-экономикалық дамуын, халқымыздың жағдайын жақсарту, жастар тəрбиесіне айрықша мəн беру, кəсіпкерлікті дамыту, жерімізді тиімді пайдалану сияқты көптеген игілікті шараларды жүйелі жүзеге асыруды тапсырды.
Ең бастысы азаматтарымыздың денсаулығы мықты, білімі терең болу керектігі, қарапайым еңбек адамдарына құрмет көрсетуді атап өтті.
Мемлекет басшысының бұл биылғы Жолдауы халықтың шынайы қолдауына ие болған аса маңызды тарихи құжат.
Мағзұмбек МАШАЙЫҚҰЛЫ,
Ұлытау ауданының Құрметті азаматы.