Жаңа әлеуметтік нысандар салынады

Жезқазған қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте сөз сөйлеген облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы әлеуметтік саладағы бірқатар жобаны ұсынды.


Аймақ басшысы өз сөзінде биыл Қабанбай батыр шағын ауданында 300 орындық жаңа мектеп салу жоспарланып отырғаны атап өтті. Сондай-ақ 2023 жылға жабық хоккей кортын салу және пайдалануға беру жоспарланғаны жеткізді.
Бұдан басқа, 2023 жылы облыстық балалар ауруханасы ашылып, балабақша пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, қалада тағы бір мектепке дейінгі мекеменің құрылысы басталады.