Науқастарды тасымалдау және шұғыл медициналық көмек көрсетуге тікұшақ қолданылады

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы төтенше жағдай кезінде адамдарды эвакуациялау, Ұлытау облысының ауыл — аудандарынан науқастарды тасымалдау және шұғыл медициналық көмек көрсету үшін қолданылатын болады
✅ Б. Әбдіғалиұлының төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және облыс аумағында Төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы техникасын пайдалану мәселелері талқыланды.
✅ Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Е. Байыровтың ақпаратына сәйкес өңірде жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі бойынша кешенді түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өрт қауіпсіздігіне арналған айлықтың нәтижесінде ағымдағы жылдың 15 тамызынан бастап 626 рейд жүргізілді (олардың ішінде: 268 көпбалалы отбасы, 322 аз қамтылған отбасы, 36 зейнеткер). Жеке тұрғын үй секторында көміртегі тотығы мен пешті жылыту бойынша 3 мыңнан астам жадынама таратылды.
✅ Сондай-ақ, аталған айлық аясында өрт қауіпсіздігі бойынша қажетті көмекті айқындау мақсатында халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын барлық 415 үйдің ауласын аралады.
2 мың азаматқа тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шаралары, өрт кезіндегі іс — қимылдар туралы нұсқамалар өткізілді.
✅ Сонымен қатар, Департамент басшысы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен облысқа су тасқыны мен басқа да төтенше жағдайларды бақылау және көмек көрсету үшін арнайы экипажы бар тікұшақ келгенін хабарлады. Ағымдағы жылдың қараша айында тағы 8 арнайы техника келеді деп күтілуде.
Өз кезегінде облыс әкімі
Б. Әбдіғалиұлы халықтың денсаулығы еліміздің басты құндылығы екенін атап өтті. «Облыстың ауыл — аудандарындағы науқастарға шұғыл медициналық көмек көрсету үшін барлық
қала — аудандардың әкімдеріне
төтенше жағдайлар туындаған жағдайда Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағын пайдалануды тапсырамын. Ол үшін тиісті өтінім қажет. Ал, Министрліктің арнайы техникасын басымдығына қарай облыстың аудандарына бөлу қажет».
Сондай-ақ, өңір басшысы қыс мезгілінде жалғызбасты азаматтарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға және көп балалы отбасыларға көмек көрсету, оған қоғамдық ұйымдарды, кәсіпкерлер мен демеушілерді тарту жөнінде нақты тапсырмалар берді.