Бүгін Қарағанды облысында 75 ауыл мен кент әкімі сайланады

Қарағанды облысында бүгін, 25 шілдеде таңғы жетіде сайлау учаскелері ашылды. Ауыл әкімдерінің алғашқы тікелей сайлауы 149 елді мекенде өтуде. 81 мыңнан астам сайлаушы өздерінің конституциялық құқығын жүзеге асыра алады.

Алғаш рет ауыл әкімдерін бұрынғыдай мәслихат депутаттары емес, тұрғындардың өздері таңдайды. Сонымен қатар, бюллетеньдерде «барлығына қарсы» деген жаңа баған пайда болды.

Сайлау учаскелері карантиндік талаптарды ескере отырып дайындалған. Міндетті талаптар – бетперде, қолғаптар және антисептиктер. Әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін еденге белгі қойылды. Сайлау комиссияларының мүшелері коронавирустық инфекцияға қарсы егілді. Бақылаушылар теріс ПТР тестін ұсынды. Кіре берісте келушілердің температурасы өлшенеді.

1

Облыс бойынша 75 ауыл әкімі сайлануы тиіс – бұл олардың жалпы санының үштен бір бөлігі. География барлық тоғыз ауданды, сондай-ақ бес қаланың — Шахтинск, Балқаш, Жезқазған, Саран, Қаражалдың кенттерін қамтиды. Нұра ауданында ең көп сайланбалы орын қарастырылған – 10. Тоғыз әкімнен Бұқар Жырау және Шет аудандарында, сегіз әкімнен Қарқаралы және Осакаров аудандарында сайланады.

Ауыл әкімі лауазымына 257 кандидат үміткер болып отыр: 81 – саяси партиялардан және 176 өзін-өзі ұсынушылар. Орташа бәсекелестік – бір орынға 3,4.

Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге 15 аумақтық және 149 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылды. Дауыс беру аяқталғаннан және дауыстарды санағаннан кейін сайлау қорытындылары үш күн ішінде шығарылуы тиіс.

Сайлау өткізілгеннен кейін жеті күн ішінде аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімді тіркейді, содан кейін ол өз өкілеттігіне кіреді. Ауыл әкімдері төрт жылға сайланады. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті 2020 жылғы 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу қажеттігі туралы айтқан болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 25 мамырда «Қазақстандағы сайлау туралы» Конституциялық заңға түзетулерге қол қойды.
Дереккөз – Қарағанды облысының әкімдігі