«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Ұлытау облысы бойынша өңірлік филиалының директоры тағайындалды
Арман Серикханұлы Абдқалықов «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Ұлытау облысы бойынша өңірлік филиалының директоры лауазымына тағайындалды.
1987 жылы дүниеге келген.
2005 жылы Қазақ коммерциялық Қаржы академиясын банк ісі мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2009 жылы жеке секторда бастаған.
2009 – 2010 жылдары Жетісу ауданы салық басқармасында бас маман;
2009 – 2013 жылдары Екінші деңгейдегі банктерде жұмыс істеген;
2013 – 2014 жылдары Қазақстандағы Пәкістан Ұлттық Банкінде несие әкімшісі;
2014 – 2022 жылдары «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының мониторинг департаментінің бас менеджері.