Жемқорлық — індет, жою — міндет

Сыбайлас жемқорлық әлемнің кез-келген елінде, оның ішінде Қазақстанда да әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді. Ол ауқымдылығымен ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үрдісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді. Елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді.

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірнеше Заңдар қабылданды. Бұл Заңдардың мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi.

Ұлытау аудандық Қазынашылық басқармасы тарапынан жемқорлықтың алдын алу бойынша тұрақты түрде жұмыс атқарылуда. Басқарма қызметкерлерімен бірге семинарлар, техникалық оқытулар өткізіледі, басшылар тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында тұрақты түрде нұсқаулық жүргізіледі. Сонымен қатар, басқарма ғимаратында азаматтардың өтініштеріне және арыздарына арналған жәшік орналастырылып, сенім телефоны қызмет жасауда.

Елбасы сыбайлық жемқорлықпен күресудің аса маңыздылығын түсіндіре отырып, сыбайластыққа қарсы саясатты жетілдіру бойынша шараларды қолдану туралы тапсырмалар берді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл- – әр азаматтың міндеті.

Әсия ӘБІЛДИНА,

Ұлытау аудандық Қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары.