Елімнің еркіндігі — Ата Заңым

Конституция – кез келген мемлекеттің саяси және экономикалық жүйесін бекемдейтін, мемлекеттік билік органдарының қызметі мен ұстанымын айқындайтын, азаматтардың міндеті мен еркіндігін белгілейтін негізгі заңы.
Мереке күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйлеген Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы: «5 маусымда өткізілген референдум арқылы Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар — қоғамды саяси тұрғыдан трансформациялауға негіз болды», деп атап өтті. Өңір басшысы Конституциялық реформа аясында саяси жаңғыру жүзеге асатындығы, сайлаудың пропорционалдық-мажоритарлық тәсілмен жасақталатындығы — әрбір қазақстандықтың халық қалаулысына айналуына мүмкіндік беретіндігін жеткізді. Азаматтардың елді басқару ісіне араласа алуы — нақты өзекті мәселелерді шешуге, елдің әлеуетін көтеруге ықпал ететіні анық.
Салтанатты жиында облыстық мәслихат хатшысы Бауыржан Кабденұлы депутаттар атынан құттықтауын жеткізді.
Іс шара барысында мемлекеттік қызметке алғаш рет кірген мемлекеттік қызметкерлер Ант қабылдады.
Облысымыздың қоғамдық-саяси өміріне елеулі үлес қосып жүрген ұлытаулықтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.