Тұрмыстық газды қолданғанда абайлаңыз!

Үй-жайларды өз бетімен газдандыруды, газ аспаптарын, баллондарды және бекіту арматурасын ауыстырмаңыз және жөндеуді жүргізбеңіз;

— жұмыс істеп тұрған газ құралдарын қараусыз қалдырмаңыз;

— газдың шығуын тексеру үшін ашық отты пайдаланбаңыз (осы мақсатта сабын ерітіндісін пайдаланыңыз);

— балаларды газ құралдарын пайдалануға жол бермеңіз және оларды қараусыз қалдырмаңыз;

— газ жабдығын орнату кезінде жиһаз бен басқа да жанғыш материалдардан келесі қашықтықты сақтаңыз:

— ең жақын тік бетке дейін көлденеңінен 0,2 м кем емес,

— оның үстіне жақын орналасқан көлденең бетке дейін тігінен 0,7 м кем емес,

— жылыту радиаторларынан, басқа да жылыту аспаптары мен пештерінен кемінде 1м;

— ашық отпен жылу көздерінен кемінде 5 м.

Автожанармай құю станцияларында газ баллондарын құюға болмайды

Газ шығып жатқан жағдайда:

— газ беруді жабыңыз;

— терезелер мен есіктерді ашыңыз;

— сіріңкені, оттықтарды жақпаңыз, жанып тұрған темекі тұқылымен бөлмеге кірмеңіз;

— жарық пен электр құралдарын қоспаңыз;

— егер газ жанса, отты шығармаңыз — газ жанғанша, жарылыс үшін қауіп жоқ. Оқиға туралы дереу 101 немесе 102 нөмірлері арқылы хабар беріңіздер.

Медет ИСМАЙЛОВ,

Ұлытау ауданы ТЖ бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау капитаны.