Облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлының төрағалығымен кезекті аппарат кеңесі өтті

Күн тәртібінде үш мәселе: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы, азық-түлік жәрмеңкелерін ұйымдастыру, облыста спортты дамыту және ағымдағы мәселелер қаралды.
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ғазиз Төлеуовтың айтуынша, 20 тамыздан бастап облыс орталығында азық-түлік жәрмеңкесі қайта басталған. Шаруа қожалықтары ет-сүт өнімдерін сатуға әкеледі, оларға сауда орындары тегін беріледі, осыған байланысты олар нарықтық бағадан 10-15% төмен бағаны белгілейді. Облыс басшысы өз кезегінде әлеуметтік павильондарды ашу процесін жеделдетуді тапсырды, онда фермерлер өз өнімдерін делдалсыз жеткізе алады, бұл мұндағы бағалар да нарықтағыдан төмен болады деген сөз.