Ұлытауда «Көктем — 2023» оқу-жаттығу жиыны өтуде
Бүгін Ұлытау ауданының орталығында «Көктем — 2023» оқу-жаттығу жиыны өткізілді. Мақсат – көктемгі су тасқынынан келетін зардаптың алдын алып, сақтық шараларын пысықтау.
Оқу-жаттығу жиынына аудандық шұғыл әрекет ету жасағының барлық құрамы қатысты. Жаттығу барысында жасақ сап түзеп, техникалардың дайындығы көрсетті.
Аудан әкімі Аманжол Мырзабеков бастаған топ тасқынға тосқауыл болуы тиіс жасақтарды жеке-жеке аралап, олардың көктемгі су тасқынына дайындықтарын толықтай тексеріп, бірқатар тапсырмалар берді.
Бұдан кейін шұғыл әрекет ету жасағы тәжірибелік оқу-жаттығу жиынын өткізіп, дайындық барысы пысықталды.