Қадірлі «Ұлытау» газетінің ұжымы!
Сіздерді аймақтың аға басылымы — «Ұлытау» газетінің 80 жылдық торқалы тойымен шын жүректен құттықтаймын!
Қырқыншы жылдардың басында дүниеге келген басылым Ұлытау өңірінің жылнамасын ғасырға жуық уақыт жазып келе жатыр. Тарихтың талай соқпағынан өткен газет әркез елмен бiрге болып, халықтың мұңын бөлiсті. Бүгiнге дейiн талай қабырғалы қазақ журналистерiнiң қаламын шыңдап, қанаттандырған ұстахана болды.
Қазіргі таңда газет Тәуелсіздік аясында өркендеген Қазақ елінің тарихи өңірі – Ұлытау ауданының келешегі зор, берекесі мол бүгіні мен ертеңін жаңа қырынан жазып келеді.
Алдағы уақытта да Ұлт ұясы – Ұлытау өңірінің жарқын келешегiнiң жаршысы болып, елiмiздiң көркейiп, гүлденуі жолындағы шығармашылық еңбектерiңiзде толағай табысқа жете берулерiңізге шынайы тiлектестiгiмді бiлдiремiн.
Ел ішіндегі елеулі өзгерістерді көрсетуде қаламдарыңыз мұқалмасын!
Еліміздің рухын көтеретін жағымды жаңалықтарыңыз көп болсын!
Құрметпен, Рысқали ӘБДІКЕРОВ,
ҚР Парламенті Сенатының депутаты.