29 тамыз жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Қазақстанда Мемлекет басшысының өкімімен 29 тамыз жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
«Жамбыл облысының Байзақ ауданында адам өліміне әкеп соққан қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза тапқан әскери қызметшілер мен құтқарушылар шынайы ерлік пен қайсарлық танытты. Олар халықтың есінде мәңгі қалады», — деп жазды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында.
28 тамыз 2021 ж. тиісті өкім шығарылды.
«Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстардың салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2021 жылғы 29 тамызда жалпыұлттық аза тұту жариялансын», — делінген құжатта.