«Кеңесіп пішкен тон…»

Әсілі, газеттің жұмысы бірыңғай қарбалас шақтардан құралады десек, артық айтпағандық болар. Қазіргідей емес, интернет, компьютер, электрондық пошта сияқты ақпарат көздері ешкімнің түсіне де кірмеген кездер өтті басылымның басынан.

Сол жылдары редакция қызметкерлері жиі-жиі бас қосып, алдағы нөмірді талқыға салып отырған. «Кеңесіп пішкен тон, келте болмас» деген емес пе?! Сол ақыл-кеңес алмасу, ұсыныс-пікір бөлісудің нәтижесінде, аудандық басылым сапалы да тартымды шығып тұрды.

Мына бір сарғайған сурет сол жылдардағы баспахана, редакция қызметкерлерінің қызығы мен қиындығы қатар жүрген кездерінің куәсі іспетті. Мұнда басылым қызметкерлері газеттің кезекті санын баспаға жіберу үшін талқылап отырған сәті бейнеленген.

Суретте: (солдан оңға қарай) машинистка – Әзина Бишенова, баспахана директоры – Қапет Әбілов (марқұм), жауапты хатшы – Батырбек Мырзабеков, тілші – Құрманжан Сламахунов (марқұм) лездеме кезінде.

Рахымжан ӘДЕНҰЛЫ