Үшжақты келісім – уақыт талабы

Өңір басшысы Советбек МЕДЕБАЕВ аудан əкімдігінде «Форпост» ЖШС басшысы Ермек ИЛЬЯСОВ пен «Самға» ЖШС басшысының міндетін атқарушы Қанат ҚҰЛМАҒАНБЕТОВТЫ қабылдады.

Негізгі қозғалған мəселе қос өндіріс басшыларына жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту барысында оларға жағдай жасалуды назардан тыс қалмауы жайында айтылды. Осы тұрғыда үшжақты келісім жасалуды аудан əкімі талап етті.

Өз кезегінде аудан прокуроры Рахымжан Рахатов өндірістің ауыр жүк көліктері асфальтпен жүрмеу керектігін ескертіп, алдағы уақытта осыған байланысты шара қолданылатындығын жеткізді.

Аудан әкімдігінде өткізілген қабылдауға аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Гүлнар Ауғанова, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айна Абилова, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы Ұлытау аудандық филиалының директоры Аманбек Сүлейменов, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Баянқұл Аманжолов қатысты.

Өз тілшімізден.