Мемлекет басшысының Жарлығымен бірқатар абыройлы азаматтар наградталды
Республика күніне арналған салтанатты шарада ауданымыздың бірқатар абыройлы азаматтарының еңбегі еленіп, мемлекеттік марапаттарға ие болды. Марапатты облыс әкімі Дастан Рыспеков табыстады.

Білім мен ғылым жолында аянбай тер төгіп, талай шәкірт тәрбиелеген биология ғылымдарының кандидаты, ұстаз Шәрипа Сағадиева – «Құрмет» орденінің иегері атанды.
Бар ғұмырын медицина саласына арнап, халық денсаулығын қорғауға зор үлес қосқан дәрігер Ақзейнеп Наурызбаева – «Шапағат» медалін иеленді.
Айта кететін жайт, денсаулығына байланысты шараға келе алмаған Ақзейнеп Наурызбаеваның марапатын алдағы уақытта аудан әкімі Аманжол Мырзабеков арнайы табыстайтын болады.
Ерен еңбегі мен туған жерге сіңірген үлесі үшін аудандық мәслихат төрағасы Ахат Құрмансейітов – «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.
Сондай-ақ, есеп және қаржы саласында ұзақ жылдар бойы адал еңбек еткен ардагер мемлекеттік қызметкер Қуаныш Байтенов – «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл марапаттар – ел дамуына елеулі үлес қосқан азаматтардың еңбегіне берілген әділ баға. Олардың табанды қызметі мен үлгілі өмір жолы – жас ұрпаққа өнеге!
⠀
Ұлытау ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
