«ПАРЫЗ-2021» Конкурсы өтеді
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы №523 Жарлығына өзгертулер мен толықтыру енгізу туралы» №873 Жарлығы және Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің 2020 жылғы 6 наурыздағы №84 бұйрығына сәйкес, 2020 жылы республикамызда жыл сайынғы дәстүрлі бизнесті әлеуметтік қалыптастыру мен ілгерілету және оларды осы саладағы ең үздік тәжірибені игеруге ынталандыру мақсатында жыл сайын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы өткізіледі.
Ұлытау ауданының барлық жұмыс берушілерін белсенді түрде қосылып, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2021» конкурсына келесі номинациялар бойынша қатысуға шақырамыз:
1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» (номинациясында өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады);
2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» (номинациясында еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады);
3) «Үздік ұжымдық шарт» (номинациясында Қазақстан Республикасының заңнамасындағыкөзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады);
4) «Экологияға қосқан үлесі үшін» (бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады).
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізуге ережесі Қарағанды облысының Еңбек инспекциясы жөніндегі Басқарманың сайтында орналастырылған.
Өтінімдер ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады, мекенжай бойынша: 101500 Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау селосы, Абай көшесі, «Ұлытау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ.
Электрондық мекен-жайы: ulytau_sobes@mail.ru.
Анықтама телефоны: 21212; 21207
Ұлытау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.