ЕСКІ ҒИМАРАТТЫҢ ЕКІНШІ ТЫНЫСЫ АШЫЛМАҚ
«Ұлытау» ӘКК» АҚ Жезқазған қаласындағы бұрынғы трикотаж фабрикасы ғимаратын қайта жаңғырту жобасы бойынша инвесторларды әріптестікке шақырады.
Жобаның мақсаты:
Заманауи өндірістік-іскерлік орталық құру, оның ішінде:
▪️Жалға берілетін кеңсе орындары
▪️Өндірістік және қойма алаңдары
▪️Шағын және орта бизнеске арналған кеңістіктер
Инвесторға қойылатын талаптар:
▪️Жобаны кемінде 1 миллиард теңге инвестиция салып іске асыруға дайын болу
▪️Жалға алушыларды тарту және объектінің коммерциялық басқаруын жүзеге асыру қабілеті
Жобаның артықшылықтары:
▪️Ыңғайлы орналасуы
▪️Жоғары коммерциялық әлеует
«Ұлытау» ӘКК тарапынан көрсетілетін қолдау:
▪️Жөндеу жұмыстарына бірлесіп қаржыландыру мүмкіндігі
▪️Сатып алу құқығымен жалға алу мүмкіндігі
▪️Ғимарат аумағында жүзеге асырылатын жобаларды бірлесіп қаржыландыру мүмкіндігі
«Ұлытау» ӘКК ашық диалог пен өзара тиімді әріптестікке дайын.
Байланыс үшін: директке жазыңыз немесе телефон арқылы хабарласыңыз: 8 (701) 718-97-77.