29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Egov порталы жұмыс істемейді
Бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты 29 ақпан сағат 22:00-ден 1 наурыз 02:00-ге дейін техникалық жұмыстар жүргізіледі.
Осы уақыт ішінде:
▪️ egov.kz порталы және оның құрамдас бөліктері;
▪️ egov mobile мобильді қосымшасы;
▪️ «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі;
▪️ «Техникалық бақылау» бірыңғай ақпараттық жүйесі;
▪️ «e-Otinish» электрондық өтініш қызметі уақытша жұмыс істемеуі мүмкін.