ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі ұлытаулықтармен кездеседі
2024 жылдың 29 қараша күні Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаевтың Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді.
Кездесудің өтетін орны мен уақыты қосымша хабарланады.
Сіздер сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды Министрмен кездесуде қоя аласыздар немесе келесі байланыс арналарын қолдана отырып жібере аласыздар: WhatsApp нөміріне: 8(701)100-44-66 және электрондық мекен-жайға: s.koblashov@ecogeo.gov.kz.
Жеке қабылдауға жазылу 2024 жылдың 27 қарашаға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі. Кездесуге жазылу үшін тел. 8(701)100-44-66 арқылы хабарласуды сұраймыз.
Азаматтарды белсенді қатысуға және Экология және табиғи ресурстар министріне сұрақ қоюға шақырамыз.