Мемлекеттік басқару – маңызды мәселе
Мемлекеттік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету əрдайым халық назарын аударатын маңызды мəселелердің бірі. Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруды қамтамасыз етудің тағы бір тəсілі ол мемлекеттік басқаруды демократияландыру болып табылады. Бүгінгі күні мемлекеттік басқарудың міндеті мен мазмұны – оның қарауындағы институттардың барлығы қоғамға ұйымдастырушылық тұрғыдан жаңаша ықпал етуі тиіс дегенді білдіреді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2024 жылдың 2 қыркүйегіндегі «Əділетті Қазақстан: заң мен тəртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауының сегізінші бағытында «Мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін барынша арттыру керек» деп көрсетілді. Президент аталмыш Жолдауында «Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мəселесі əлі де өзекті. Үміткерді қыз- метке тағайындаған кезде оның кəсіби жəне моральдық қасиеттерін мұқият ескерген жөн. Бұрынғы жұмысын қалай атқарғаны да қаперде болуы керек. Меритократия қағидаттарынан ешкім бас тартқан жоқ. Бұл бағыттағы жұмыстың аяқ алысы жаман емес. Қазір мемлекеттік органдардың бəрі кадр жөніндегі бірыңғай ақпараттық жүйеге көшті. Енді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Үкімет бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердің кадр мəселесіне қатысты жұмысын толық автоматтандыруы керек» деп атап өтті. Бүгінгі күні баршамызға мəлім болғандай ауыл əкімдерін тікелей сайлау жүйесі 2021 жылдан бастап енгізілді. Содан бері 2,5 мыңға жуық əкім сайланды. Бұл – барша ауыл əкімдерінің 90 пайызға жуығы деген сөз. Қалғандары əкімнің өкілеттік мерзімі аяқталған кезде өз ретімен сайлана береді. Жаңа əкімдердің 60 пайызы бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген. Олардың арасында əртүрлі кəсіп иелері, түрлі партия өкілдері бар. Орташа жасы – 46 жас. Бір сөзбен айтсақ, халық өзі таңдаған əкімдердің құрамы едəуір жаңғырды делінді Жолдауда. Былтыр күзде алғаш рет аудан жəне облыстық маңызы бар қала əкімдері сайланды. Барлық облыста 45 əкім жаңа тəсілмен сайланды. Жолдауда көрсетілгендей бұдан былай аудан жəне облыстық маңызы бар қалалардың əкімдері тікелей сайлау арқылы ғана қызметке келеді. Əкімдердің өкілеттік мерзімі аяқталуына қарай, яғни ротация мерзімі жеткенде сайлау біртіндеп өткізіле береді. Əкімдерді тікелей сайлау халық үшін өте маңызды шешім жəне үлкен тиімді жетістік деп есептеймін. Елдің дамуына үлкен үлес қосуға, тəжірибесі мен білімі жететін кез-келген Қазақстан Республикасының азаматына үлкен мүмкіндік деп білемін.
Қайрат ƏЛСЕЙІТҰЛЫ,
Жезді кенті əкімі аппаратының бас маманы.