Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық – қоғамның маңызды мәселесі

Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық – бүгінгі қоғамның маңызды əлеуметтік проблемаларының бірі. Құқықбұзушылықтар жасөспірімдердің қоғамдық тəртіпке қайшы келетін əрекеттері, оның ішінде ұсақ қылмыстардан бастап, ауыр құқықбұзушылықтарға дейінгі заңсыз əрекеттерді қамтиды. Бұл мəселенің себептері күрделі жəне көп қырлы, оларды шешу үшін жан-жақты шаралар қажет.

Құқықбұзушылықтың негізгі себептері:
Отбасындағы жағдай, яғни ата-ананың немқұрайлылығы, отбасындағы тұрақсыздық, экономикалық қиындықтар жəне зорлық-зомбылықтың болуы жасөспірімдердің психологиялық жағдайын нашарлатады. Бұл, əсіресе, бақылаусыз қалған балалардың қылмыстық əрекеттерге тартылу ықтималдығын арттырады.
Мектептегі мəселелер:
Мектепте сəтсіздікке ұшырау, мұғалімдермен жəне сыныптастармен қарым-қатынастың нашар болуы да жасөспірімдердің тəртібіне əсер етеді. Əсіресе, буллинг (қорқыту, мазақ ету) жасөспірімдерді эмоционалдық күйзеліс жағдайына жеткізіп, құқықбұзушылыққа итермелеуі мүмкін.
Құрдастардың ықпалы: жасөспірімдер арасында құрдастарының пікірін бағалау жоғары деңгейде. Егер олардың ортасы теріс əрекеттерге бейім болса, жасөспірімдерде сол жолға түсіп, ұсақ қылмыстарға немесе заңсыз əрекеттерге қатысуы мүмкін. Мұндай жағдайда балалар өздерін тəуелсіз сезінгісі келіп, заңды бұзуға бейім болады.
Қоғамдық факторлар:
Экономикалық теңсіздік, жұмыссыздық, əлеуметтік жағдайлардың нашарлығы құқықбұзушылыққа апаратын жолдардың бірі. Көп жағдайда кедейшілік жəне əлеуметтік теңсіздік жасөспірімдердің өз қажеттіліктерін заңсыз жолдармен шешуіне түрткі болады.
Интернет жəне бұқаралық ақпарат құралдарының əсері: əлеуметтік желілермен медиадағы зорлық-зомбылық, қылмыстық əрекеттерді насихаттайтын контенттің əсері де құқықбұзушылыққа əкелуі мүмкін. Жасөспірімдер кейде виртуалды əлемдегі агрессияны шынайы өмірде қайталауға бейім.
Құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары:
Отбасындағы тəрбиенің күшейтілуі. Ата-аналардың жасөспірімдерге көбірек көңіл бөліп, олардың өміріне белсенді қатысуы қажет. Эмоционалдық қолдау, түсіністік жəне жауапкершілікті сезіндіру балалардың құқықбұзушылықтан аулақ болуына ықпал етеді.
Мектептегі психологиялық қолдау. Мектепте балалардың тəртібімен психологиялық жағдайын бақылау маңызды. Мұғалімдер мен психологтар арасындағы тығыз қарым-қатынас құқықбұзушылыққа бейім балаларды уақытылы анықтауға жəне олармен тиісті жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.
Қоғамдық жəне мəдени шараларға қатыстыру. Жасөспірімдерді спорттық секциялар, мəдени жəне шығармашылық үйірмелерге тарту олардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасайды. Бұл оларды теріс ортадан алыстатып, өзін-өзі тануға жəне дамытуға көмектеседі.
Құқықтық сауаттылықты арттыру. Жасөспірімдерге заңның не екенін жəне құқық бұзудың салдарын түсіндіру маңызды. Құқықтық тəрбие беру арқылы балалар өз əрекеттерінің жауапкершілігін сезінеді жəне заңды бұзудан аулақ болуға тырысады.
Интернеттегі бақылау. Ата-аналар мен мектеп əкімшілігі интернет пен əлеуметтік желілерді дұрыс пайдалануды қадағалауы керек. Агрессия мен зорлық-зомбылықты насихаттайтын контентке шектеу қойып, балаларды пайдалы ақпарат көздеріне бағыттау қажет.
Қорытындылай келе, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық – қоғамдағы əрбір мүшеге əсер ететін маңызды мəселе. Оның алдын алу үшін отбасы, мектеп жəне қоғам арасындағы тығыз ынтымақтастық қажет. Əр жасөспірімнің болашақта заңға бағынатын, жауапкершілікті азамат болып қалыптасуы үшін дұрыс тəрбие мен психологиялық қолдау көрсету маңызды. Бұл арқылы қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқық бұзушылықтың деңгейін төмендетуге болады.

Ұлытау ауданының прокуратурасы.