Жасұлан Байзақов «Ұлытау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды

Жасұлан Нұрбалаұлы Байзақов 44 жаста, Жезді кентінің тумасы.
2 жоғары білімі бар, Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2002 жылы Тұран Әлем Банкінің Жезқазған филиалының Корпоративтік Кредиттеу секторының меңгерушісі болып бастаған. Әр жылдары Нұр-Сұлтан, Қарағанды қалаларындағы банк жүйелерінде басшылық қызметтер атқарған. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы АТФ Банк АҚ аймақтық директоры болып қызмет атқарды.
Отбасылы, 5 баласы бар.