Халықтың жайын жақсартуға бағытталған
Әр жыл сайын ҚР Президент Жолдауы өз жаңалықтарымен, құнды ұсыныстарымен еліміздің өркендеуіне, жаңғыруына негіз болатын салмақты тұжырымдарымен ерекшеленеді. Өйткені, мемлекет басшысының Жолдауы мемлекетіміздің дамуы жолында бағыт берер басты құжаты.
Жолдау халқымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, шетелдік инвесторлардың жауапкершілігін арттыруға, адам өмірінің қауіпсіздігін қорғауға, қоғамдағы түйіткілді мәселелерді дер кезінде шешуге, халықтың мүддесін жақсартуға бағытталған. Экономика және әлеуметтік мәселелер дәстүрлі түрде Президенттің әр Жолдауындағы негізгі мәселе болып келеді. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 85 мың теңге болды. Бұл шара 1 миллион 800 мың адамның, оның ішінде бюджет саласында еңбек ететін 350 мыңазаматтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізді. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез-келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етті. Бұл өз кезегінде жас ұрпақтың болашағын ойлау деп білемін.
Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі елдің болашағы екені айқын.
Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА,
ҚР Журналистер Одағының мүшесі.