21 наурызда Қарағандыда алғашқы қазақстандық ProductCamp өтеді
Қарағандының IT-хабында 21 наурызда алғашқы Қазақстандық ProductCamp өтеді. Оны біздің елде Террикон алқабы ұсынады.
Конференцияға қатысу тегін. Ол онлайн және офлайн режимінде де өтеді. Офлайн-форматта төрт спикер өзекті тақырыптарға баяндамаларын ұсынады және IT-хабта көрермендермен сөйлеседі. Сондай-ақ, қатысушылар басқа қалалардан ProductCamp параллельді бейнетрансляцияларының жазбаларына қол жеткізе алады.
Іс-шараға спикерлерінің бірі ретінде Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Рустам Байжанов қатысады.
Camp-қа келушінің әрқайсысы қазірдің өзінде оның құрылуына септігін тигізуші болып табылады. Себебі, өзекті тақырыптарға арналған баяндамалардан басқа, көрермендер спикермен және өзара пікірталастарға қатыса алады. Бұл тәжірибе алмасу және өз қаласында өнім менеджерлері қауымдастығын құруға қосқан үлесі.
«Сахнада өнер көрсететін адам маңызды емес: кэмпте бәрі тең», — деді habr.com-ға берген сұхбатында Productсamp-ті құрушылардың бірі – Михаил Карпов.
ProductCamp туралы толығырақ білуге және іс-шараға осы жерде тіркелуге болады.
ProductCamp – бұл сандық технологиялар мен инновациялар саласында түрлі елдердің кәсіпқойларын біріктіретін, продакт-менеджмент бойынша ең мықты комьюнити.
Өнім менеджері – өнімді құруға, нарықты талдауға, ассортимент саясатына, баға белгілеуге, өнімді жылжытуға және т. б. жауапты маман.