2025 жылы зейнет жасы қалай өзгереді?

• Ер азаматтар зейнетке 63 жаста шығады.

• Әйелдер — 61 жаста.

Әйелдердің зейнет жасы 2027 жылдың соңына дейін 61 жас болып қалады. Ал 2028 жылдан бастап зейнетақы реформасы аясында зейнет жасы келесідей болып өзгереді:

• 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жасқа дейін,
• 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жасқа дейін,
• 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жасқа дейін.
2031 жылдан бастап әйелдер үшін бірыңғай зейнет жасы – 63 жас болып белгіленеді.