2025 жылдан бастап 8 медициналық анықтама онлайн беріледі
Қаңтар айынан бастап азаматтардың емханаға барып, кезекке тұрмауы және медициналық анықтамалардың заңсыз берілмеуі үшін 8 құжат енді тек электронды түрде беріледі.
Мына медициналық анықтамалар электронды форматқа көшіріледі:
▪️Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы
▪️075 / е «Медициналық анықтама»
▪️026 / е «ДКК қорытындысы»
▪️073 / е «ТҚ басқаруға рұқсат туралы анықтама»
▪️069 / е «Санаторийлік-курорттық карта»
▪️ 052-2 / е «Баланың денсаулық паспорты»
▪️076 / е «Қаруға рұқсат алу»
▪️038 / е «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама»
Ведомство eGov Mobile мобильді қосымшасында азаматтарға өзінің жеке медициналық деректеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін «edensaulyq» бөлімі іске қосылғанын хабарлады.