2020 жылы Қарағанды облысында 300-ден астам этникалық қазақ «қандас» мәртебесін алды
2020 жылдың қорытындысы бойынша 13 мың адам тарихи Отанына — Қазақстанға оралып, «қандас» мәртебесін алды. Қарағанды облысында бұл мәртебе 322 адамға немесе 171 отбасына берілді.
Қандастар біздің өңірге келесі елдерден келген: Өзбекстаннан — 120 отбасы немесе 203 адам; Моңғолиядан — 43 отбасы немесе 106 адам; Қытайдан — 6 отбасы немесе 11 адам; Тәжікстаннан — 1 отбасы немесе 1 адам; Қырғызстаннан — 1 отбасы немесе 1 адам келді.
Еңбекке жарамды жасқа келгендердің ішінен — 205 адам, зейнеткерлер — 17, кәмелетке толмағандар — 100.
281 «қандас» куәлігі берілді және ұзартылды.
Қандастардың ең көп саны Теміртауға — 102 отбасы немесе 177 адам; Қарағандыға — 15 отбасы немесе 17 адам; Абай ауданында — 10 отбасы немесе 22 адам; Бұқар Жырау ауданында — 8 отбасы немесе 31 адам; Осакаров ауданында — 12 отбасы немесе 30 адам; қалған өңірлерде — 24 отбасы немесе 45 адам қоныстанды.
1991 жылдан 2020 жылға дейін республикамызға барлығы 1 млн 70,3 мың этникалық қазақ келді.
Айта кету керек, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында қандастарға жұмыс күші тапшы өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару ұсынылады.
Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламар басқармасының ақпараты бойынша