2020 жылдың 10 айында Қарағанды облысының тұрғындарына 200-ге жуық жоғары технологиялық оталар жасалды
2020 жылдың 10 айында Қарағанды облысының тұрғындарына 195 жоғары технологиялық ота жасалды. Оларды төлеу үшін медициналық сақтандыру қорынан 409,4 миллионнан астам теңге бөлінді.
2020 жылдың қаңтарынан бастап облыстың медициналық ұйымдары жүрек-қан тамырлары жүйесі, ми, омыртқа және онкология аурулары бойынша 195 жоғары технологиялық медициналық қызмет (ЖТМҚ) ұсынды. Облыс дәрігерлері жүрек қақпақшаларын ауыстыру, тізе мен жамбас буындарын ревизиондық ауыстыру, мидың тамырларына, нейростимуляторларды имплантациялау және т.б. бойынша ондаған оталар жасады.
Осы мақсаттарға медициналық сақтандыру қорынан 409,4 млн теңге бөлінді. Бір емделген жағдайдың орташа құны шамамен 2 миллион теңгені құрайды.
— Міндетті медициналық сақтандыру пакетіне кіретін операция қанша тұрса да, сақтандырылған азаматтар оны ақысыз алады. Науқас өзі тіркелген емханадағы дәрігеріне жүгінеді, тексеруден өтеді және кәсіби мамандардан кеңес алады. Операция қажет пе деген қорытынды ЖТМҚ-тің осы түрін жасайтын клиниканың дәрігері шығарады.Егер хирургиялық араласу қажеттілігі расталса, науқас жоспарлы түрде отаға дайындалады. Бұл үшін қажетті анализдер жинау мен «Емдеуге жатқызу бюросының» порталына орналастыруды емхана жүзеге асырады, — деп түсіндірді медициналық сақтандыру қорының Қарағандыдағы бөлімшесінің бөлім меңгерушісі Светлана Щёткина.
ЖТМҚ алудың бұл алгоритмі қала тұрғындарына да, ауыл тұрғындарына да қатысты. Егер науқасқа қажетті операция жергілікті деңгейде қолжетімді болмаса, оны республикалық клиникаға жібереді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен ота жасалған науқастар оңалту рәсімінен де өте алады.
Естеріңізге сала кетейік, егер науқасқа медициналық көмектен негізсіз бас тартылса немесе медициналық көмекке қатысты сұрақтар туындаса, ол медициналық ұйымның Науқастарды қолдау және ішкі бақылау қызметіне, 1406 байланыс орталығына хабарласа алады немесе Qoldau24\7 мобильді қосымшасында шағым қалдыра алады.
Медициналық сақтандыру қорының Қарағандыдағы бөлімшесінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша