Президент реформасы – саяси тұрақтылық негізі
Барша қазақстандықтардың мүддесін жүзеге асыру мақсатында енгізілген конституциялық реформалардың бірі – конституциялық кеңестің орнына əрекет ететін—конституциялық сот құру туралы реформа. Адамзатқа дүниеге келген сəтінен бастап тиесілі құқықтарының мемлекет тарапынан қорғалуына негіз болатын бұл институттың құрылуы елімізде азаматтардың құқықтары мен бостандығына қол сұғуға жол берілмейтіндігін көрсетеді. Президентіміздің бұл реформасы – өміршең реформалардың бірі болады деп есептеймін! Өз жұмысында тек конституциялық сотқа жүгінетін тəуелсіз Омбудсмен лауазымы енгізілді. Ендігі кезекте ел азаматтары оның ішінде халықтың осал топтары Конституциялық сотқа тікелей жүгіне отырып, өз құқықтарын Ата заң нормаларына сəйкес жүзеге асыра алады. Бұл реформа халық игілігі үшін нəтижелі болатын реформалардың бірі болар деген ойдамын.
Еліміздің əкімшілік- аумақтық құрылымына өзгеріс енгізу туралы реформаға сəйкес, 2022 жылғы 8 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен əкімшілік орталығы Семей қаласында Абай облысы, Орталығы Талдықорған қаласында Жетісу облысы, орталығы Жезқазған қаласында Ұлытау облысы құрылды. Жаңа облыстардың құрылуы өңірлердің күшеюіне, олардың дербестігінің артуына мүмкіндік береді. Ұлан байтақ жерімізді игеру басты мақсаттарымыздың бірі болу керек деп есептеймін. Жезқазған, Ұлытау, Семей өңірлері Қазақстан экономикасына өз алдына дербес көп үлес қосатын аймақтар екендігі сөзсіз.
Реформаға сəйкес көптеген өзгерістерге ұшыраған жүйенің бірі – сайлау жүйесі. Биыл аудан жəне облыстық маңызы бар қала əкімдерін тікелей сайлау пилоттық режимде өткізілді. Нəтижесінде елімізде орын алып жатқан барлық саяси оқиғаларға халық барынша белсенді араласып, өз таңдауларын жасауға мүмкіндік туындады. Президент реформасына сəйкес қайта жаңғырған сайлау жүйесі елімізде əділетті билік орнауына ықпал етеді деп есептеймін. Сайлау жүйесіне байланысты енгізілген президент реформалары – бəсекелі саяси орта қалыптастыру маңызды рөл атқарды. Сайлау жүйесіндегі жаңа өзгерістерге сай аралас сайлау түрінде тағайындалған депутаттар бүгінгі күнде өз міндеттерін ақаруға кіріскен. Сайлау нəтижесінде мінберге ел алдында беделі бар жаңа тұлғалардың саясатқа келуіне жол ашылды. Ендігі кезекте билік басындағы халық қалаулылары шалғай ауылдарға да атбасын бұрып, тұрғындардың ұсыныс-тілегіне құлақ түреді деген үміттеміз. Нəтижесінде билік пен халықтың арасындағы алтын көпір нығая түседі деген ойдамын.
Президентіміз Қ.Тоқаевтың реформалары – мемлекетіміздің жарқын болашағына бастаушы бағдар. Бүгінгі күні Президент өкілеттіктерінің бірқатары биліктің басқа тармақтарына беріліп, нəтижесінде Үкімет қабылдайтын шешімдері үшін өзінің жауапкершілігін күшейтері сөзсіз.
Ақерке ҮСЕНОВА,
«Жұмағат-Нұр» ШҚ иесі.