«ҰЛЫ ДАЛА» БӘЙГЕСІ ЖАРИЯЛАНДЫ!
«AMANAT» партиясы Ұлытау облыстық филиалы жанынан Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауын
ұйымдастыру комитеті құрылып, қатысушылардың шығармаларын қабылдайтынын хабарлаймыз.
Байқаудың мақсаты – ұлттық және рухани құндылықтарды паш ететін
бүгінгі отандық авторлардың шығармаларын қолдау және насихаттау.
Тақырыптық ұсыныстар:
Өз шығармаларында қоғамды жаңғырту мен дамыту үдерістерін бейнелейтін,
сондай-ақ қазақстандықтардың заманауи дүниетанымын қалыптастыруға ықпал
ететін талантты жазушыларды, ақындарды, драматургтерді, балалар жазушыларын
анықтау және оларға қолдау көрсету;
Мағжан Жұмабаевтың шығармаларындағы ойларды жаңғырту және
ағартушылық еңбектері мен қайраткерлік ұстанымын өскелең ұрпаққа дәріптеу;
Мемлекет басшысы ұсынған «Әділетті Қазақстан – Адал азамат»
ұғымындағы идеялар мен құндылықтарды кеңінен ашу;
Жастарды отанға қызмет етуге, тарихын қадірлеуге, адамгершілік
қасиеттерін насихаттауға шақыру – қаламгерлердің еңбектерінде көрініс тауып,
оның тарихи жетістіктерінің маңыздылығын жастарға өнеге ету.
Республикалық ұйымдастыру комитеті:
— байқауды өткізу тәртібін анықтайды;
— байқауға қажетті құжаттарды дайындайды;
— байқаудың басталғандығы жөнінде республикалық БАҚ-қа хабарлама дайындайды;
Байқау бес номинация бойынша өткізіледі:
«Проза» номинациясы
Бірінші орын (1 жүлде) – 1 000 000 теңге;
Екінші орын (1 жүлде) – 750 000 теңге;
Үшінші орын (1 жүлде) – 500 000 теңге;
«Поэзия» номинациясы
Бірінші орын (1 жүлде) – 1 000 000 теңге;
Екінші орын (1 жүлде) – 750 000 теңге;
Үшінші орын (1 жүлде) – 500 000 теңге;
«Драматургия» номинациясы
Бірінші орын (1 жүлде) – 1 000 000 теңге;
Екінші орын (1 жүлде) – 750 000 теңге;
Үшінші орын (1 жүлде) – 500 000 теңге;
«Әдеби сын» номинациясы
Бірінші орын (1 жүлде) – 1 000 000 теңге;
Екінші орын (1 жүлде) – 750 000 теңге;
Үшінші орын (1 жүлде) – 500 000 теңге;
«Балаларға арналған шығарма» номинациясы
Бірінші орын (1 жүлде) – 1 000 000 теңге;
Екінші орын (1 жүлде) – 750 000 теңге;
Үшінші орын (1 жүлде) – 500 000 теңге;
«Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығы» арнайы жүлдесі – 1 000 000 теңге.
«Алаш аманаты» арнайы жүлдесі – 1 000 000 теңге.
Байқаудың басталуы туралы хабарландыру партияның ресми сайтында және республикалық, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Байқауға келіп түскен жұмыстарды байқау комиссиясы 2023 жылғы
13-20 қараша аралығында қарайды. Жұмыс қорытындысы бойынша байқау
комиссиясы бірлескен шешім арқылы жеңімпаздарды анықтайды.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздігі күні қарсаңында Астана қаласында өтеді.
#AMANAT