Қайтарымсыз грант алуға шақырамыз

«Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ-нің ұйымдастыруымен және The Coca-Cola Foundation қайырымдылық ұйымымен бірлесе отырып, жыл сайын елімізде әйелдерге тегін бизнес-тренингтерге қатысу, қаржылық білім мен дағдыларға үйрету, тәлімгерлер тарапынан кеңес, алғашқы қаржылық қолдау алу мүмкіндіктерін ұсыну мақсатында «Coca-Cola белестері» атты жоба ұйымдастырылып келеді. 2020 жылы бұл жобаға ұлытаулық әйелдер қауымына қатысу мүмкіндігі бұйырған болатын. Ауданымыздан 60 қыз-келіншек қатысып, Жезді кентінен Айдана КЕНЖЕБЕКҚЫЗЫ «пісіру және кондитерлік өнімдер өндірісі» жобасын ұсыну арқылы 2000 АҚШ доллары көлемінде грант ұтып алды. Грант иегеріне аудан әкімінің орынбасары Мақсұт СӘРСЕМБАЙҰЛЫ сертификат табыстады.

Бұл жоба 2013 жылдан бастап жүзеге асып келеді. Былтырғы жылы республикалық деңгейде Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарының аудан тұрғындары қатысып, барлығы 20 қайтарымсыз грант берілді. Грант мөлшері 2000 және 4000 АҚШ доллары аралығында мөлшерленді. Жоба биыл да жалғасын таппақ. Ұйымдастырушылар 16 қайтарымсыз грант беруді көздеп отыр. Ұлытау ауданының әйелдер қауымын осы жобаға қатысуға шақырамыз. 2021 жылдың 11 маусымына дейін өтінім қабылданады. Әлемде орын алған індетке байланысты бизнес тренинг онлайн түрде өтетін болады. Байланысу үшін «Ұлытау ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ-нің 8(71035) 24162 жұмыс телефон нөміріне хабарласуға болады. Сонымен қатар толық ақпаратты ccb.kz сайтынан көре аласыздар.

«Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы «ЗТБ (Коалиция) — Қазақстанның жетекші «жасыл» қоғамдық ұйымдарының бірі және Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшуі тұжырымдамасының қоғамдық провайдері болып табылады.

Жоба туралы кеңінен айтсақ, 2014 жылы БҰҰ коалицияның Жаһандық Экологиялық Қорының шағын гранттар бағдарламасымен «жасыл жобаларды» елде және шетелде ілгерілету бойынша «сенім белгісі» табыс етілді.

Географиялық және мазмұндық тұрғыдан алғанда, «жасыл» практикалардың ауқымы іс жүзінде Қазақстанның әрбір өңірінде іске асырылған «жасыл» жобалар бар, соның жолында бүгінде өңірлік жобалар іске асырылуда.

Негізгі мақсаты – «жасыл» экономиканы дамытудың жеті негізгі бағытында «жасыл» жобаларды іске асыруға жәрдемдесу: жаңартылатын энергия көздерін енгізу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында энергия тиімділігі, ауыл шаруашылығында органикалық егіншілік, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, Су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру, экожүйелерді сақтау және тиімді басқару.

Коалиция қызметінің негізгі бағыттары:

Жасыл» нормаларды, стандарттар мен ұсынымдарды әзірлеу және енгізу арқылы «жасыл» құқықтық алаңды қалыптастыруға жәрдемдесу;

Қазақстандық «жасыл» компаниялардың, «жасыл» жобалар, технологиялар, материалдар Банкінің рейтингтік тізілімін құру және жүргізу;

«Жасыл» инновацияларды, технологияларды оқыту үшін ресурстық-білім беру орталықтарын ұйымдастыру;

Қазақстан экономикасының салаларын жаңғырту кезінде «жасыл» стандарттарды ілгерілетуге ықпал ететін халықаралық және отандық жобаларды іске асыруға жәрдемдесу.

Ұлытау ауданы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі.