Қар тазалау — қауіпсіздіктің алды
Табиғаттың ерекше құбылыстарының бірі – көктемгі су тасқыны. Қыс мезгілі аяқталып, жыл сайын наурыз-сәуір айларында су тасқынына қарсы шаралар қабылданады. Сол себепті, биылғы қыста түскен қарды шығару жұмыстарын дер кезінде қолға алған жөн.
Ұлытау ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен техникалар көшелердің қарларын тазалау үстінде. Қазіргі уақыттан бастап, тұрғындар өз үйлерінің аулаларында жатқан қарларды тазалау жұмыстарын жүргізе бергендері дұрыс. Тұрғын үйдің жан-жағын және үйдің шатырын қардан аршу жұмыстарын толық деңгейде атқарған жөн.
Ұлытау ауданы ТЖ бөлім қызметкерлері ескертеді: Үйіңізді су басу қауіпі төніп тұрса келесідей амалдарды істеу керек.
Егерде Сіздің, аумағыңыз су тасқынынан жиі зардап шексе, су басу мүмкін жерлердің шекарасын, сондай-ақ тұрғылықты жеріңізге жақын тұрған дөңестеу сирек су басатын жерлерді, оған баратын ең қысқа жолды зерделеп, еске,сақтаңыз.
Отбасы мүшелерін ұйымдасқан және жекелей көшіру кезінде әрекет ету, сонымен қатар кенеттен және буырқанып келе жатқан су тасқыны кезіндегі ережелерімен таныстырыңыздар. Көшіру кезінде алып шығатын құжаттар, мүлік және дәрі-дәрмектердің тізімін алдын-ала жасап қойыңыздар. Арнайы чемодан немесе рюкзакқа құндылықтарды, қажетті жылы затарды, азықтүлік қорын, су және дәрі-дәрмекті салыңыздар.
Алдағы көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындықты осы бастан бастаған жөн. Ұлытау ауданы тұрғындарының аталған мәселе бойынша түсінушілікпен қарап, көктемгі уақытта келеңсіз оқиғаларға дайын болуларыңызды сұраймыз.
Сонымен қатар, төтенше жағдай оқиғалары туындаған кезде, шұғыл қызметтің «101», «112» телефондарына хабарламалар, ақпараттар беру мүмкіндіктері қарастырылған.
Яғни, аталған «101», «112» телефондарына жалған хабарламалар немесе шұғыл қызметтердің телефондарын өз бағыттары бойынша пайдаланбау керектігін ескертеміз.
Медет ИСМАЙЛОВ,
Ұлытау ауданы ТЖБ аға инженері